Музыкалық ырғаққа жеңіл қозғалу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жауапты тұлға

Музыка жетекшісі: Капезова Гүлдана Нұрболатовна

Келісілді

«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А. А.

Қолы: __________________

Тобы

«Ертегі» ІІ кіші тобы

Білім беру саласы

Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті түрі

Музыка

Тақырыбы

Тауық пен балапандары

Мақсаты

  • Балалардың үй құстары және олардың пайдасы туралы ой-өрісін кеңейту.
  • Үй құстарын қорғауға, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдап, ретімен салыстыра білуге үйрету; музыкалық ырғаққа жеңіл қимылдауға дағдыландыру.

Қажетті көрнекі құралдар

Слайд, тауық пен балапанның суреттері, баян аспабы, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, үйрету, көрсету.

Қостілділік компонент

Тауық
— курица — chicken
Балапан
— цыплёнок — chick

Алдын ала жүргізілетін жұмыс

Үй құстары туралы әңгімелесу, суреттерді қарастыру, дыбыстарын тыңдату және қарапайым қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталау.

Сабақ барысы

Тәрбиешінің әрекеті

Балаларды «Шөжелерім» әнімен қарсы алады. Балалардың жеңіл, көңілді және жылдам ырғақпен жүруін қадағалайды.

Сәлемдесу өлеңі

Сәлем, сәлем, балақай! Ән айтамыз, би билейміз, алақай!

«Орман шуы» әуені

Күн күледі, жадырайды, Құстар келіп сайрайды. Кел, балалар, келіңдер, Ертегіге еніңдер!

Сұрақ қояды: «Балалар, кімнің үйінде тауық бар?»

Ұсыныс айтады: «Ендеше, қазір бәріміз Асылымның үйіне барып, тауықты көрейік».

Қимыл-қозғалыс тапсырмасы

Көбелек болып ұшамыз, Қанаттарды қағамыз. Гүлге келіп қонамыз. Арықтан аттаймыз, алысқа қараймыз.

Балалардың әрекеті

  • «Шөжелерім» әніне ілесіп, көңілді қимылмен жүреді.
  • «Орман шуы» әуенін тыңдап, көңіл күйін сезінеді.
  • Сұраққа жауап беріп, өз тәжірибесімен бөліседі.
  • Шеңбер бойымен жүріп, «көбелек» болып ұшады, «қанаттарын» қағады, гүлге «қонады», арықтан «аттайды», алысқа «қарайды».

Назар аударатын тұстар

  • Қозғалысты қауіпсіз орындау және арақашықтық сақтау.
  • Ырғақты сезіну және қимылдарды ретімен орындау.
  • Жұмсақ дауыс ырғағы, көтеріңкі көңіл күй.