Рахатын түннің тұл етіп сондамен отырамын шабыттыңсарала сауытын шешінбей

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді
құбылмас қараңғылықпен
дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып,
күндізгі сағымдай көз жауын алмай
көлгір көркімен жасанып;
ақ сезімдердің ақ айдынында тербелер
дел - сал сәт қой бұл
қатыгездіктен қажыған көңілдер жасарып!
Қараңғы түндер,
бұл дүниенің ләззаты жалғыз сендерде ғана
қалған ба!
(Өзгенің бәрі өзгеріп кеткен шеңгелін мезгіл
салғанда).
Түндердің тұнжыр тыныштығы ма екен
көңілдерді көкке көсілтіп,
талпындыратын таңдарға?!
Таңдайыңа татып тірліктің шырын шақтары
жанды шалқытқан
түн құшағына алғанда?!
Жалғыз - ақ мынау бөлмеде
тыныштықта бей - жай көңіл көрпесі көсілмей,
(қасиетті түндер кешіргей!)
ақтүтек ойлардың ақпаны сақ - сақ қүледі
жалғыздығынан құтырып кеткен жесірдей.
Рахатын түннің тұл етіп сонда
мен отырамын шабыттың
сарала сауытын шешінбей.
О, шуақ күндер!
Қыз саусақ шұғыла төккенге балғын бақтарға -
менменшілдікпен мақтанба!
Тірліктің қимас күндерін тылсым түндерде ғана
сезбесек,
қадірсіз шығар ақ таң да.
Мынау жалғанда жалғыз - ақ өзім
құдіреттідей боп отырам
Қараңғы түндер шапағат шашқан шақтарда.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Тараз қаласының тарихы
Атын білме, сөзін біл
Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Хикаялар
Карлаг
Алпамыс батыр
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика туралы
Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ЖӘНІБЕК
САРТҰЛЫ ҚОЙГЕЛДІ
ҚҰТТЫМБЕТҰЛЫ НАУРЫЗБАЙ
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
Өнімді өткізу, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден түсетін табыс, оның өсу факторлары және оны жоспарлау