Сабақ мақсатын түсіндіру

Күнделікті сабақ жоспары (5-сынып, Қазақ тілі)

Тақырыптар: 16. Синонимдер, 17. Синонимдік қатар, 18. Антонимдер, 19. Жаттығулар орындау, 20. Тапсырма №4.

Сабақ үлгісі

Негізгі мәлімет

Пәні
Қазақ тілі
Сыныбы
5
Күні, айы, жылы
толтырылады
Тоқсан
I
Мұғалім
толтырылады

Сабақ параметрлері

Сабақтың тақырыбы
Синонимдер
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту
Көрнекілігі
Кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекіту.
  • Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу; ана тілін сүюге және Отанды қорғауға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  4. Жаңа сабаққа дайындық: сабақ тақырыбын тақтаға жазу, сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Анықтама

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

Синонимге қойылатын талаптар

  • 1 Сөздердің дыбысталуы әртүрлі болуы керек.
  • 2 Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек.
  • 3 Сөздер бір сөз табына қатысты болуы керек.

Қосымша: синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда, сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Мысал

Ас, тағам, дәм, ауқат — мағыналары жақын синонимдес сөздер. Дыбысталуы әртүрлі болғанымен, білдіретін ұғымы — адамның жейтін қорегі.

Қазақ тілі — синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар сөз таптарының бәрінде кездеседі.

Сөз таптарына қарай синонимдер

Зат есім

өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.

Сын есім

салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды.

Етістік

амандасу, сәлемдесу, есенлесу.

Үстеу

тез, жылдам, шапшаң, лезде.

VI. Жаңа тақырып бойынша түсінікті тексеру

Үлестірме қағаздармен жұмыс.

№1 тапсырма

Сөйлемдегі синоним сөздерді табыңдар.

Сенің топырағыңда қаншама дүр-дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.

№2 тапсырма

  1. Синоним болатын тіркестер құрап жазыңдар:
    қырғи қабақ қас пен көздің арасында бетінен оты шықты тас жүрек
  2. Синоним болатын мақал-мәтелдерден мысалдар келтіріңдер.

№3 тапсырма

Төмендегі мәтіннен синоним сөздерді тауып, сол сөздермен шағын мәтін құраңдар.

Адамның асқан сұлулығы — оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.

VII. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

70-жаттығу

Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.

71-жаттығу

ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып, орындарын ауыстырып қолданыңдар.

VIII. Сабақты қорыту

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, қатысу белсенділігі және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  1. «Синоним» туралы түсінікті қайталау.
  2. Ар-намыс туралы білетін қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жазу.