Оқушыларды сурет салудың түрлерімен таныстыру

Пән

Бейнелеу өнері

Сынып

4

Сабақтың тақырыбы

Затқа қарап сурет салу

Білімділік мақсаты

Оқушыларды сурет салу түрлерімен таныстыру, бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгерту.

Тәрбиелік мақсаты

Нұсқаға қарап сурет салуға баулу, өнерді сүюге және оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Нұсқаға қарап сурет салу қабілетін дамыту, шығармашылық ойлауды арттыру.

Пәнаралық байланыс

Математика, өсімдіктану

Сабақтың әдісі

Жазықтықта бейнелеу

Көрнекіліктер

  • Натюрморт салынған плакат
  • Әртүрлі қойылымдар
  • Пән оқулығы
  • Түрлі түсті бояулар
  • Сурет альбомы және қосымша құралдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу.
  • Күннің жадын белгілеу.
  • Оқу құралдарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Альбомды қарап, бағалау

Оқушының сурет альбомындағы жұмыстар қаралып, қысқаша кері байланыс беріледі.

2) Өтілген тақырыпты тест арқылы сұрау

Төмендегі сұрақтар композиция (үйлестіру) тақырыбын қайталауға бағытталған.

1-сұрақ

Үйлестіруді тағы қалай атайды?

  • а) Перспектива
  • ә) Композиция
  • б) Конструкция

2-сұрақ

«Композиция» сөзі қай тілден шыққан?

  • а) Араб
  • ә) Латын
  • б) Ағылшын

3-сұрақ

Үйлестіру дегеніміз не?

  • а) Дұрыс әрі ыңғайлы орналастыру
  • ә) Өте үлкен етіп орналастыру
  • б) Өте кішкентай етіп орналастыру

4-сұрақ

«Жалғыз ағаш» суретінде үйлестіру орталығы қай жерде орналасқан?

  • а) Ортасында
  • ә) Сол жағында
  • б) Оң жағында

5) Үй тапсырмасын қорытындылау

Жиі кездесетін қателер аталып, келесі жұмыста ескерілетін талаптар нақтыланады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Бейнелеу өнерінде сурет салудың негізгі бірнеше түрі бар. Суретші болу үшін олардың әрқайсысын жүйелі түрде меңгеру маңызды.

  • 1-түр

    Затқа қарап сурет салу

  • 2-түр

    Елестету арқылы сурет салу

  • 3-түр

    Еске сақтап сурет салу

Бүгін біз осы түрлердің ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз. Бұл — суретшінің алдында тұрған затты немесе құбылысты көзбен бақылап, шынайы қалпында дәл бейнелеуі.

Портрет

Адамның келбетін бейнелеу: әдетте адамды отырғызып, кеудесіне дейін салып көрсету.

Пейзаж

Табиғат көріністерін бейнелеу: серуен кезінде, су жағасында немесе көркем мекенде табиғаттың әсем тұстарын қағазға түсіру.

Натюрморт

Жансыз заттардан (ыдыс-аяқ, геометриялық денелер, көкөністер т.б.) қойылым құрып, оны тікелей нұсқаға қарап бейнелеу.

Негізгі ұғым

Натюрморттағы дайын қойылым «нақты нұсқа» деп аталады, ал бейнелеу тілінде ол «натура» ұғымымен беріледі.

Жұмысқа орналасу

  • Нұсқадан шамамен екі метр қашықтықта отыру ұсынылады.
  • Нұсқаны тура алдынан да, оң немесе сол қапталдан да салуға болады.
  • Қойылымдағы заттардың түсі мен көлемі әртүрлі болғаны дұрыс.

IV. Натюрмортты қағаз бетіне орналастыру (композиция)

Натюрмортты қағазға дұрыс орналастыру үшін көмекші сызықтар қолданылады. Алдымен дәптер немесе қағаз бетінің шетін белгілеп, кейін жазықтықты (мысалы, үстел бетін) сызып аламыз.

Маңызды қағидалар

  • Суретті үлкен заттан бастап салу.
  • Заттардың көлемін және түстерін ажырата білу.
  • Жұмысты кезең-кезеңімен орындау.

1-кезең

Жалпы жобасын белгілеу

Заттардың орналасуын схема түрінде көрсетеміз. Бұл кезеңдегі орналастыру компоновка деп аталады.

2-кезең

Құрылымын салу

Негізгі пропорцияларды, осьтерді және пішін құрылымын нақтылаймыз.

3-кезең

Пішінді сомдау

Жарық пен көлеңкені, жылтты және түспе көлеңкені көрсету арқылы көлем береміз.

4-кезең

Жұмысты аяқтау

Ұсақ бөлшектерді нақтылап, жалпы тұтастықты тексереміз.

V. Оқушылардың өздік жұмысы

Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу. Уақыты: 5–10 минут.

VI. Сергіту сәті

«Қарындаштар сөйлейді» жаттығуы.

VII. Бекіту

Жаңа сабақты бекіту үшін көкөніс түрлеріне жазылған сұрақтарға жауап береміз. Дұрыс жауаптар арқылы көкөністерден құралған натюрморт құрастырылады.

Сөзжұмбақ

Тақырыбы: «Нұсқа».

VIII. Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Сабақта өткен ұғымдар мен жұмыс кезеңдері жинақталып, қысқаша қайталанады.

Бағалау

Оқушылардың жұмыстары талаптарға сай бағаланып, ұсыныстар беріледі.

Үй тапсырмасы

Көкөністерден құралған натюрмортты аяқтап келу.