Интербелсенді тақта

Қазақ тілі · 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын

Бұл сабақта оқушылар буынның өзіне тән ерекшеліктерін және жасалу жолдарын түсінеді. Жаттығу жұмыстары арқылы білімдері кеңейіп, ойлау, есте сақтау, ойды жинақтау және еркін сөйлеу дағдылары дамиды. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс барысында халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге үйренеді.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Оқулық
  • Қосымша әдебиеттер

Сабақтың типі

Білім, білік және дағдыларды қалыптастыру сабағы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдістері

  • Жұппен түсіну (бірін-бірі оқыту)
  • Талдау, топтастыру
  • Жаттығу орындау
  • Ойлау, дәлелдеу

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Уақытты ұтымды пайдалану, тапсырмаларға нақты бағдар беру
  • Слайдтар дайындау, интербелсенді тақтамен жұмысты ұйымдастыру
  • Барлық оқушының тақтаға шығуына мүмкіндік жасау

Оқушының іс-әрекеті

  • Буынның ерекшеліктерін мысалдар арқылы түсіну
  • Жаттығулар орындау, талдау және топтастыру
  • Интербелсенді тақтаның мүмкіндігін пайдаланып ой қорыту

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы дыбыстар туралы білімдерін бекітеді, буынға қатысты тапсырмаларды орындау барысында түсінігін арттырады.

Мысалдар келтіреді, сурет бойынша мәтін құрайды және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Бағалау формасы: жұппен бірін-бірі бағалау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Проблеманы айқындау: «Үлкен шеңбер»

Өткенді қайталау: оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

  • 1Фонетика нені зерттейді?
  • 2Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • 3Дауысты дыбыстардың жіктелісі қандай?
  • 4Дауыссыз дыбыстардың жіктелісі қандай?

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар дыбыстар туралы жазып келген ертегілерін оқиды.

Көрнекілік: интербелсенді тақта.

II. Жаңа сабақ: «Буын» ұғымы

Жұппен жұмыс

Бірін-бірі оқыту арқылы түсіну.

Мысал:

Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді.

Негізгі анықтамалар

  • Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстан жасалған фонетикалық бөлшек.
  • Дауысты дыбыс жеке өзі буын бола алады.
  • Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
  • Сөздегі дауысты дыбыстар саны — буын санына тең.

Мысалдар:

қант, а-ла-қан

III. Кітаппен жұмыс

296-жаттығу

«Тарихи сөздер» дегеніміз не? Мәтіннен қандай тарихи сөздер кездесті?

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Садақ
Ату құралы.
Са-дақ — 2 буын, 5 дыбыс (2 дауысты + 3 дауыссыз).
Қорамсақ
Жебе салатын сауыт.
Қо-рам-сақ — 3 буын, 8 дыбыс (3 дауысты + 5 дауыссыз).
Балдақ
Жебенің сақинасы.
Бал-дақ — 2 буын, 6 дыбыс (2 дауысты + 4 дауыссыз).

297-жаттығу

Мәтінді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаңдар.

Құсбегілік

Құс-бе-гі-лік

4 буын

Атбегілік

Ат-бе-гі-лік

4 буын

Аңшы

Аң-шы

2 буын

IV. Сергіту сәті: «Адасқан атаулар»

Берілген жолдардағы адасқан әріптерді тауып, сол әріптерге фонетикалық талдау жасаңдар.

1-тапсырма

Қолына алып қазықты, з – с

Ашқарақ асқа асықты.

2-тапсырма

Көпен қатты ысқырды, с – т

Кепсерлерді ұшырды.

3-тапсырма

Атам шапан байырғы, а – о

Қойын кері қайырды.

V. Сурет бойынша мәтін құрастыру (жұппен жұмыс)

Интербелсенді тақтада бірнеше сурет көрсетіледі. Оқушылар суреттерге байланысты тірек сөздер тауып, сол сөздерді пайдаланып қысқа мәтін құрастырады.

Нұсқау: тірек сөздерді алдымен тізімдеңдер, кейін оларды 5–7 сөйлемнен тұратын мәтінге біріктіріңдер.

VI. Топтастыру

«Фонетика» тарауына қатысты сөздерді тиісті ұяшықтарға бөліп орналастырыңдар.

Берілетін сөздер:

тіл дыбыстары, буын, әліпби, тасымал, қатаң, ашық, еріндік және т.б.

Бекіту түйіні

Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.

VII. Үй тапсырмасы

301-жаттығу: мәтінге ат қойыңдар. Мәтіндегі екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазыңдар.

VIII. Бағалау және кері байланыс

Сұрақтар

  • Бүгінгі сабаққа қалай қатыстыңдар?
  • Не білдіңдер?
  • Сабақ несімен ұнады?

Бағалау тәсілі

Қатар отырған екі оқушы жұппен бірін-бірі бағалайды.