Балалардың қолдарында жапырақтар
Іс-шара туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
«Арайлы күз, алтын күз»
Мақсаты
- Балаларды күз кереметімен таныстыру.
- Күз туралы түсініктерін кеңейту.
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен атмосферасы
Зал әсем шарлармен және мерекеге сай безендіріліп, слайд көрсетілімі дайындалады. Әдемі сазды әуен баяу ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолында сары жапырақтар болады.
Сахналық барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін «Арайлы күз, алтын күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Қараңдаршы, бүгін залымыз қандай әдемі! Қолымызға не ұстап келдік?
Балалар: Жапырақтар.
Осы жапырақтардың түсі қандай?
Балалар: Сары.
Күз ханшайымының келуі
Сахна сыртынан желдің гуілі естіледі.
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы, бұл қандай шу?
Осы сәтте әсем әуенмен Күз ханшайымы келеді.
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам, армысың,
Табиғатым — жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқының алғысын.
Мен — Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Жұмбақ және «алтын жапырақтар» тапсырмасы
Күз ханшайымы балаларға жұмбақ жасырады:
Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Күз ханшайымы өзімен бірге алтын жапырақтар әкеледі. Әр жапырақта тапсырма бар.
Шарт:
Егер тапсырмаларды орындасаңдар, сендерге арнайы сыйлығым бар.
Жүргізуші балалардың күз туралы өлең айтып, тақпақ оқып, жұмбақ шеше алатынын айтып, ханшайымды жайғасып тамашалауға шақырады.
Хор
«Күзге сәлем»
1-тапсырма: сұрақтар
1-сұрақ
Күз мезгілі нешеге бөлінеді?
Ерте күз, алтын күз, қара күз.
2-сұрақ
Күз айларын ата.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Күз айларының таныстырылымы
Жүргізуші ортаға күз айларын шақырады. Әр ай өзіне тән ерекшелігін таныстырады.
Қыркүйек
Мәди
Күз маусымының алғашқы айы — қыркүйек. Бұл еңбек пен ерлікке үндейтін мезгіл. Қоймалар алтын астыққа толады.
Қазан
Аружан
Күз маусымының екінші айы — қазан. Бұл — жиын-терін аяқталып, дихандар еңбегінің жемісін көретін берекелі ай.
Қараша
Ақтолқын
Күздің соңғы айы — қараша. Айнала қоңырқай тартып, ағаштар жапырағынан айырылады, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс лебі сезіледі.
Осылайша балалар күз айларымен және олардың ерекшеліктерімен танысады.
Мерекелік тақпақ
Әмина
Тақпақ
Жемісті мол теретін
Күз дос екен біздермен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Ұйымдастыру ақпараты
- Білім беру ұйымы
- МКҚК «Нұрбөбек» ясли-бақшасы
- Өткізген тәрбиеші
- Байдалиева Л. Ж.