Оқушыларды топқа бөлу. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы

Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын.

Мақсаты

  • Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті кеңейту.
  • Кім? не? сұрақтарын дұрыс қоя білуді меңгерту.
  • Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын және танымдық қызығушылығын дамыту.
  • Ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Сөзжұмбақтар

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Топпен жұмыс

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (өлең арқылы сабаққа назар аударту):

Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан-жағыңа,
Бәрі бар ма орнында:
Қалам, дәптер, кітап та.

Топқа бөлу

І топ ІІ топ

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын талдау және қысқаша кері байланыс беру.

3) Өткенді қайталау

Ойын: «Иә / Жоқ». Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.

І топ (6 сұрақ)

  • Сөйлем сөзден құралады. Иә
  • Буын екіге бөлінеді. Жоқ
  • Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып айтылады. Иә
  • «Дала» сөзінде бес дыбыс бар. Жоқ
  • Сөйлем соңына нүкте қойылады. Иә
  • Адам ауамен тыныс алады. Иә

ІІ топ (6 сұрақ)

  • А, О, Ұ, Ы — жіңішке дауысты дыбыстар. Жоқ
  • Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Иә
  • Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Иә
  • «Күн» сөзінде төрт дыбыс бар. Жоқ
  • Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады. Иә
  • Ы — дауыссыз дыбыс. Жоқ

4) Жаңа сабақ

Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар: кім?, кімдер?, не?, нелер?

Кім? / Кімдер?

  • Ағаағалар
  • Анааналар
  • Әжеәжелер

Не? / Нелер?

  • Дәптердәптерлер
  • Лақлақтар
  • Таутаулар

5) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.

6) Оқулықпен жұмыс

91-жаттығу: сөздерді жекеше және көпше түрде жазу.

Кітап кітаптар
Үй үйлер
Машина машиналар
Оқушы оқушылар
Бала балалар
Орындық орындықтар

7) Сөзжұмбақ

Жұмбақтардың жауабын тауып, соңында шыққан сөзді анықтаймыз.

1-жұмбақ

Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

Жауабы: Глобус

2-жұмбақ

Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең, сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?

Жауабы: Сүт

3-жұмбақ

Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Тірегі бар, ізі жоқ.
Қанаты жоқ — ұшпайды,
Жер астында қыстайды.

Жауабы: Балық

4-жұмбақ

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.

Жауабы: Сандық

5-жұмбақ

Шыр-шыp етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.

Жауабы: Телефон

6-жұмбақ

Мен — ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам.

Жауабы: Бор

Қандай сөз шықты? Гүлдер

Гүл туралы не білеміз? Гүл — табиғаттың көркі, адамға қуаныш сыйлайтын әсем өсімдік.

8) Топтастыру

Бәйшешек

Бәйшешек — көктемнің алғашқы хабаршысы. Нәзік болғанымен, қалың қардың астынан да бүршік жарып шығады.

Жауқазын

Жауқазын еліміздің шалғынды және тастақты аймақтарында көп өседі. Ерте гүлдеп, көздің жауын алатын сұлу өсімдік болғандықтан, қазақ халқы оны әртүрлі атаумен де атайды.

Қызғалдақ Сарғалдақ Жауқазын Бозғалдақ

Эссе

Тақырыбы: «Менің анашым» (6-слайд).

9) Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтарды (кім? не? кімдер? нелер?) қайталап, жекеше-көпше түрлерін ажыраттық.

10) Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

11) Үйге тапсырма

Заттың атын білдіретін сөздерге қатысты мысалдар құрастыру және жекеше-көпше түрлерін көрсету.