Аралар Бірінші ара
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
(Үнтаспаға жазылған дауыс немесе жүргізуші)
Алыста, алыста Аяз ата мен Ақшақар тұрыпты. Ақшақар күні бойы орманда аңдармен ойнағанды жақсы көрген: оларға ән айтып, бірге би билеген.
Аяз атаның шарбағында бір қоян тұратын. Ол тазалықты жақсы көріп, күнде жинап, сыпырып жүретін.
Жаңа жылдың алдында Аяз атаның жұмысы көбейеді. Ақшақарды қуанту үшін түні бойы шыршаны безендіріп, таң ата шаруаларымен кетіп қалыпты. Сөйтіп, Ақшақар үйде жалғыз қалады.
Сахналық көрініс
Ақшақар
(Үйінен шығып, қуанып шыршаны айнала қарап) Тамаша! Қандай әсем шырша! Мұны маған Аяз ата әкелген ғой! Қаншама ойыншық бар! Қалай жалт-жұлт етеді!
(Қайтадан айнала қарап, дауыстайды) Қоян! Әй, қоян! Мұнда кел!
Қоян
(Секіріп келеді) Шақырдың ба, Ақшақар?
Ақшақар
Иә, қоян. Қазір маған көп қонақ келеді. Сен есіктің қасында тұр. Ал менің әлі де бітпеген жұмыстарым көп.
Қоян
(Секіріп) Жарайды, Ақшақар!
(Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра бастайды.)
Дыбыс
Есіктің қағылғаны естіледі.
Қоян
Бұл кім? Бізге кім келді?
Аю
Ақшақар бізді Жаңа жылды қарсы алуға шақырған.
Қоян
Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.
Ақшақар
Кірсін, кірсін!
Аю
Сәлеметсіз бе, Ақшақар! Біз саған Жаңа жылға тәтті бал әкелдік. Жаңа жылымыз тәтті өтсін деп.
Ақшақар
Рахмет, рахмет! Төрлетіңдер.
Дыбыс
Есіктің арт жағынан ызылдаған дыбыс естіледі.
Қоян
Ақшақар, балдың иісіне аралар қаптап кетті. Не істеймін?
Ақшақар
Кіргіз оларды.
(Аралар ұшып кіріп, шыршаны айнала бастайды.)
Ән: «Аралар»
Бірінші ара
Түсінбедім: балдың иісі шыққан сияқты, бірақ мына гүлде бал жоқ қой!
Ақшақар
Аралар, бұл гүл емес. Бұл — Жаңа жылға безендірілген шырша.
Екінші ара
Шыршаны білеміз, ал Жаңа жыл туралы естімеппіз.
Ақшақар
Онда қонақтармен бірге жайғасып, Жаңа жылды қарсы алайық. Сонда бәрін білесіңдер.
Дыбыс
Тағы бір дүрсіл естіледі...
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)