Отар тобы

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназия

Пән

Тарих

Мұғалім

Абуева Гүлжамал Серікбайқызы

Сабақтың тақырыбы

XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Еуропалықтардың Солтүстік Американы отарлай бастауының мақсаттарын ашу; солтүстік және оңтүстік отарлар шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді анықтау.

Дамытушылық

Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары мен пісіп-жетілген себептерін айқындау; АҚШ-тың революциялық жолмен құрылған тұңғыш демократиялық республика екендігін дәлелдер арқылы негіздеу.

Тәрбиелік

Бостандық пен құқықты шектейтін әрекеттерге сыни көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Блум таксономиясы
  • Белсенді оқыту: жұппен және топпен жұмыс
  • БББ кестесі, сұрақ қою техникасы, «детальдарын қосу», «тұлғаны таны»

Дереккөздер және жабдықтар

Карта

Дүние жүзінің XVII–XVIII ғғ. картасы

Тақта

Сынып тақтасы

АКТ

Интерактивті тақта

Материал

Суреттер, кестелер, тапсырма парақтары

Күтілетін нәтиже

  • Жұппен жұмыс жасау дағдылары дамиды, өзгенің пікірін тыңдай білу қалыптасады.
  • Интербелсенді оқу және қалыптастырушы бағалау арқылы тақырыпты өздігінен меңгеріп, ойын ашық айтып, дәлелдеуге машықтанады.
  • Картамен жұмыс тәсілдері жетілдіріледі; саяси қайраткерлер қызметін талдап, баға беру арқылы логикалық ойлау және танымдық қызығушылық артады.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау

А, Б, С, Д критерийлері мен дескрипторлары негізінде балдық жүйе қолданылады.

Назардағы құндылықтар

  • Бостандық пен құқықты шектейтін әрекеттерге айыптаушылық көзқарас
  • Тәуелсіздіктің маңызын түсіну
  • Саяси қайраткерлер қызметін бағалау

Сабақтың кезеңдері (Блум таксономиясы бойынша)

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Сыныпта жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу

Тақырыптық топтар: Отар, Экономика, Соғыс, Конституция.

Білу (А критерий)

Үй тапсырмасы бойынша білім тексеріледі. «Бірге ойланайық» тапсырмасы арқылы ұғымдар нақтылайды.

1-тапсырма

«Өмір сүрудің басты шарты болып табылатын, бірақ феодалдардың жерге толық құқығы болмаған қоғам» ұғымын анықтау.

Жауап: Феодализм

2-тапсырма

«Қол астында отарлары бар отарлаушы мемлекет» ұғымын атау.

Жауап: Метрополия

Сондай-ақ «Революция», «Буржуазиялық революция», «Демократия», «Республика» ұғымдары бойынша қысқа жалғастыру сұрақтары беріледі. Мұғалім жауаптың дұрыстығын жедел кері байланыс арқылы нақтылайды.

Америка құрлығының картасы көрсетіліп, жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырып анықталады: «Солтүстік Америка».

БББ әдісі

Оқушылар Америка туралы бұрыннан не білетінін және нені білгісі келетінін жазады/айтады.

Түсіну (Б критерий)

ЖИГСО (төрт топ)

Төрт топ белгіленген ереже бойынша мәтінді оқып, негізгі ойды бөліп, бір-біріне түсіндіреді.

Оқу жоспары (негізгі бағыттар)

  • Еуропалық державалардың Солтүстік Американы отарлауы
  • Британдық отарлау жүйесі (XVII ғасыр контексті)
  • 1625 ж.: І Карл тұсындағы үдерістер, негізгі бағыттар (Виргиния, Нью-Йорк)

Қолдану (С критерий)

I. Сұрақ қою техникасы

  1. 1) Солтүстік Америкадағы Англияның отаршыл қарсыластары қай елдер?

    Жауап: Испания, Франция, Голландия.

  2. 2) XVIII ғасырдың ортасында отарлар өз ішінде неше топқа бөлінді?

    Жауап: 3 топ — корольдік жерлер, жеке жерлер, қауымдық жерлер.

  3. 3) Корольдік иеліктерге қай жерлер кірді?

    Виргиния (1607 ж.), Нью-Йорк (1664 ж.).

  4. 4) Картамен жұмыс

    XVIII ғасырдың орта шенінде Атлант мұхиты жағалауында 13 ағылшын отары болды:

    Солтүстігі

    Нью-Гемпшир, Массачусетс (Жаңа Англияға қоныс аударушылардың алғашқы мекені), Коннектикут, Род-Айленд

    Орталығы

    Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Делавэр, Мэриленд

    Оңтүстігі

    Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Виргиния, Джорджия

  5. 5) Виргинияда қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар қалай қалыптасты?

    Қоғамдағы басқару түрлерін анықтау және қысқаша түсіндіру.

II. ҰСМҚ (ұстаным–себеп–мысал–қорытынды)

  • XVII ғасырдың I жартысында солтүстік отарлар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыды.
  • Еркін қоныс аударушылардың өмір сүру деңгейі орташа еуропалықтардан жоғары болды.
  • Феодализм Солтүстік Америкада толық тамыр жая алмады.
  • Елдің негізгі шаруашылық бірлігі — фермалар болды.

Талдау (С критерий)

I. «Детальдарын қосу» (кеңейту үлгісі)

«Конституция» тобы

Бастапқы сөйлем: 1787 жылы АҚШ-та федералдық конституция қабылданды.

Кеңейтілген нұсқа: 1787 жылы жазда барлық штаттардың өкілдері қатысқан ресми съезд өтті. Осы съезде федералдық конституция қабылданды. Конституцияның прогрессивті мәні болғанымен, ол әлі толық демократиялық сипатқа ие бола алмады. Оның қабылдануына ықпал еткен Джеймс Мэдисон жобаны дайындауға белсенді қатысты.

Топтық бастапқы сөйлемдер

  • «Отар» тобы: Отарлау саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттарын қалыптастырды.
  • «Экономика» тобы: «Гербтік салық» туралы акт қабылданды.
  • «Соғыс» тобы: 1773 жылы «Бостондағы шай ішу» оқиғасы тарихта қалды.

Оқушылар бастапқы сөйлемдерді мазмұнды дерекпен толықтырып, кеңейтілген сөйлем түрінде ұсынады.

II. Кестемен жұмыс

Соғыстың барысы Хронологиялық талдау Нәтижесі Қорытындылары
Топтық талдау арқылы толтырылады Маңызды даталар мен оқиғалар Тарихи маңызы Саяси және қоғамдық өзгерістер

Әр топ өз бөлімін толтырып, нәтижесін сынып алдында қорғайды.

III. «Тұлғаны таны» тапсырмасы

Ел басшыларының суреттері ұсынылады. Оқушыларға қызметінен үзінді беріліп, кім екенін анықтайды.

Үзінді үлгісі

1789 жылы Конгресс сайлауы өтіп, АҚШ-тың тұңғыш президенті атанды. 1791 жылы Конституцияға 10 өзгеріс енгізілді; бұл түзетулер тарихта «Адам құқығы туралы билль» деген атпен қалды.

Оқушылар үзінді бойынша тұлғаны анықтайды және дәлел келтіреді.

Сергіту сәті

«Әліпби желісі»

Берілген әріптен басталатын, тақырыпқа қатысты сөздерді атау:

А — Англия

Б — Бостон

В — Виргиния

Г — Гарвард

Д — демократия

Е — еріктілер

Ж — Жоғарғы сот

З — заң

И — идея

К — конституция

Қ — «Құқықтар декларациясы»

Л — лоялистер

М — Массачусетс

Н — негрлер

П — президент

Жинақтау (Д критерий)

БББ кестесі

«Білдім» бөлімі бойынша 3, 5 немесе 7 сөйлеммен қысқаша қорытынды жасалады.

Дарындылықты анықтау

Оқушылардың дәлел келтіруі, дерекпен жұмыс жасауы, карта бойынша талдауы және саяси тұлғалар қызметіне баға беруі арқылы қабілеті байқалады.

Үй тапсырмасы

Революцияға дейінгі отарлар жағдайын және революция нәтижесінде болған өзгерістерді салыстырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1. Мемлекеттік құрылыс қандай болды?
  2. 2. Билік басына кімдер келді?
  3. 3. Жер кімнің қарамағында болды?
  4. 4. Құлдық мәселесі қалай шешілді?

Кері байланыс

Екі ұсыныс

Сабақты жақсартуға бағытталған екі нақты ұсыныс жазыңыз.

Бір тілек

Сабаққа қатысты бір тілегіңізді (пікір/ой) білдіріңіз.

Ескерту

Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеу/ұсыну қарастырылады.