Қимылды ойын

Сабақтың мақсаты

Балаларды бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін дұрыс орындауға жүйелі түрде үйрету. Жаттығулардың орындалу техникасын түсіндіре отырып, жан-жақты дамытатын қимылдарды сапалы әрі дәл орындауға дағдыландыру. Орындау барысында денені әрдайым түзу ұстап, сергек, жинақы және белсенді болуын қалыптастыру.

Дене бітімінің дұрыс дамуына назар аудара отырып, жаттығуды дұрыс орындау дағдысын бекіту, қимыл үйлесімділігін сезінуін дамыту және денені тік ұстауға үйрету. Қол, иық, аяқ, табан және негізгі бұлшықет топтарын жетілдіру.

Берілген тапсырманы ықыласпен тыңдауға тәрбиелеу, тиянақтылық, жинақылық, шыдамдылық және ұстамдылық қасиеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Доп
  • Екі түсті жалаушалар
  • Арқандар
  • Құрсаулар

Әдіс-тәсілдер

  • Көрсете отырып түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Мадақтау

Ойындар

  • Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»
  • Аз қимылды ойын: «Жер, су, ауа»

Дайындық бөлімі

Балалар сап түзеп, әуен ырғағымен залды айнала қозғалады. Мақсат — қозғалысқа біртіндеп кірісіп, дұрыс мүсінді сақтай отырып әрекет ету.

Жүру түрлері

  • Қолды жанынан жоғары көтеріп жүру; шапалақтау және түсіру.
  • Қолды артқа сермеу; қолды алға және артқа айналдыру.
  • Қолды белге қойып аяқ ұшымен жүру.
  • Қолды желкеге қойып өкшемен жүру.
  • Қолды белге қойып, тізені бүгіп жүру.
  • Теріс қарап жүру.

Секіру түрлері

  • Қолды белге қойып, бір қырмен секіру.
  • Оң және сол аяқты кезек көтеріп, билеп секіру.

Жүгіру түрлері

  • Қолды кеуде тұсына ұстап, баяу жүгіру.
  • Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
  • Тізені көтеріп жүгіру.
  • Баяу жүгіру → жүру (қалпына келу).
  • Жүріп келе жатып арқанды алу.

Негізгі бөлім

Балалар бір қатардан төрт қатарға бөлініп тұрады. Жаттығулар арқанмен орындалады, әр қимыл дәлдікпен және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындалады.

Жан-жақты дамытатын жаттығулар (арқанмен)

  1. 1) Бас жаттығулары
    2 рет
    • Басты оңға ию → қалыпты жағдай → солға ию → қалыпты жағдай.
    • Басты оңға бұру → қалыпты жағдай → солға бұру → қалыпты жағдай.
    • Жоғарыға қарау → қалыпты жағдай → төменге қарау → қалыпты жағдай.
    Қалыпты жағдай: аяқ бірге, арқан төменде.
  2. 2) Арқанды көтеру
    4 рет

    Арқанды алға ұстау → жоғарыға көтеру → алға түсіру → қалыпты жағдай.

    Қалыпты жағдай: аяқ бірге, арқан төменде.
  3. 3) Бүйірге иілу
    4 рет

    Оң жаққа иілу → қалыпты жағдай → сол жаққа иілу → қалыпты жағдай.

    Қалыпты жағдай: аяқ алшақ, арқан жоғарыда.
  4. 4) Бұрылу
    4 рет

    Арқанмен бірге оңға бұрылу → қалыпты жағдай → солға бұрылу → қалыпты жағдай.

    Қалыпты жағдай: аяқ алшақ, арқан алға ұсталған.
  5. 5) Еңкею (тізені бүкпей)
    4 рет
    • Арқанды тізені бүкпей жерге қою.
    • Қол белде, аяқ алшақ тұру.
    • Арқанды тізені бүкпей алу.
    • Қалыпты жағдайға келу.
    Қалыпты жағдай: аяқ алшақ, арқан жоғарыда.
  6. 6) Дөңгелек арқанмен қозғалу
    2 рет

    Арқанды жерге дөңгелек етіп орналастыру. Оң жаққа қарай жүрелей отырып, тізені қолмен ұстау. Сол қалыпта дөңгелек бойымен жүрелей жүріп айналу (2 айналым), кейін арқанды айналып жүру (2 айналым).

  7. 7) Секіру (жүрумен алмастырып)
    8–10 рет

    1 және 3-есепте арқанды жоғары көтеріп, аяқтарды алшақ қою; 2 және 4-есепте қалыпты жағдайға келу. Қимылды жүрумен алмастырып орындау.

    Қалыпты жағдай: аяқ бірге, арқан төменде.

Саптық қайта құру

  • Төрт қатардан бір қатарға түсіп жүру, арқанды тапсыру.
  • Тізбектеле тұрып, 1–2 деп санап екі топқа бөліну.
  • Екі топ кезектесіп негізгі қимылдарды орындайды.

Негізгі қимылдар

Тепе-теңдік

Басына құм салынған қалташаны қойып, арқан үстімен табанды толық тигізе отырып, тепе-теңдікті сақтап жүру.

Икемділік және бағдарлау

Доға астымен жерге қол тигізбей, бір қырындап өту.

Ойын бөлімі

1) «Өз жұбыңды тап»

Әр балаға екі түстің бірінен жалауша таратылады. Музыка ойнағанда балалар алаңда еркін жүгіріп жүреді. Музыка тоқтағанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұрып қалады.

Айтылатын шумақ

Перизат, Перизат,
Аузыңды ашып құр қалма.
Серігіңді тез таңда.

Ескерту
  • Жүгірген кезде жалаушаны жоғары ұстау керек.
  • Бірінші жұп келесі айналымдарда қайталанбағаны дұрыс.

2) «Жер, су, ауа»

Балалар шеңберге тұрады. Бастаушы допты бір балаға лақтырып, «жер», «су» немесе «ауа» деп айтады. Допты ұстаған бала сәйкесінше:

  • «Жер» десе — жануардың немесе жәндіктің атын;
  • «Су» десе — балықтың атын;
  • «Ауа» десе — құстың атын айтуы керек.
Ескерту
  • Допты ұстап тұрып кідіртуге болмайды.
  • Жауабын айтып, допты тез қайта лақтыру қажет.
  • Шатасқан бала шарт бойынша «айыбын өтейді».

Қорытынды

Ойындар аяқталған соң балалар қайтадан сап түзеп, залдан ұйымдасқан түрде шығады.