Білімге деген құштарлығын арттыру
Бастауышпен қоштасу
Мектеп
Сымбат жеке мектебі, Ақтөбе қаласы
Жауапты тұлға
Қайдакова Жанат Бекболатовна
Мақсаты
- Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, ал білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.
- Білімге деген құштарлықты арттыру, үздіксіз ізденіске баулу.
- Білім ордасын, ұстаздарды құрметтеуге және еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
- Ата-анасына, Отанына адал ұл-қыз болып өсуге жетелеу.
- Ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту, өзіне сенімділік қалыптастыру.
- Бастауышпен қоштастыра отырып, әр баланы өз ерекшелігімен таныстырып, жоғары сынып мұғалімдеріне ақ жол тілеп табыстау.
Ұстаздың жүрекжарды сөзі
Көрінетін биіктен асқақ іспен, білімге баулитұғын жас кішіден. Төрт жыл бойы біліммен сусындатқан — қоштасатын күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген: «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткені бастауышта бала — шыбық, ең алғаш әріппенен танысады.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын именіп аттаған ұл-қыздарымыз бүгін ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.
Салтанатты шақыру
Олай болса, 4 «А» сыныбының «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар сахнаға шығады.)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, орындалсын арман-тілек, талаптарың. Қабылдап алғанымда тоғыз едің, әрқайсыңды жүрекпен парақтадым.
Білім деген қауыздан гүл ашылған, оған керек таусылмайтын көп шыдам. Бар білімнің, бар ілімнің атасы — бастау алар бастауыш сатысынан.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты: төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті? Ұстаз-ана жасады мына бізден — ел таңғалар азамат, әрқайсы мықты.
Төрт жыл бойы саялы мекен еткен, қоштасайық енді біз бастауышпен. Бастауыш — мұнда өткен бала шағың, соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда саналы азаматын, болашағын.
Ұстаздарға алғыс
Төрт жыл бойы шәкірт жүрегіне білім мен мейірім дарытқан әр ұстазға айтылар алғыс — ерекше. Әрқайсыңыздың еңбегіңіз балалардың есінде мәңгі сақталады.
Рабиға Мұхитқызы
Анашымдай аялаған, нұрланған шуағымсыз саялаған. Мейірімді жүрегіңізден шәкіртке өз бақытыңызды аямайсыз.
Жанат Өтепбергенқызы
Шәкірт жүрегін жаулап алған есіміңізді әнге бөлеп жүреміз. Пейіліңізге қарап, сізді әлемдегі әсем гүлге теңедік.
Динара Уразбайқызы
Жүрегіңіз нұр. Адам жанын тәрбиелеп, аялай білесіз. Біз сізді әрдайым құрметтейміз.
Ақөрік Сағырбайқызы
Байсалды мінезіңізбен шәкірт жүрегінде із қалдырдыңыз. Төзіміңіз мықты, «шәкіртім білім алсын» деген ниетіңіз биік.
Сәуле Хамитқызы (логопед)
Қолдауыңыз бен еңбегіңіз — бәрімізге мақтаныш. Әр баланың тілі мен сенімін түзеп, жігер бердіңіз.
Жолашар ағай (музыка)
Музыка пәнінде әніміз асқақтады. Үйреткеніңізбен әрқайсымыздың үніміз ашылды.
Айнагүл апай
Шебер домбырашы деп білеміз. Еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңізден мың алғыс қабыл алыңыз.
Мәриям апай (орыс тілі)
Орыс тілі — әркез керек білім. Ашық-жарқын жанарыңыз бен көркем көңіліңіз көпке үлгі.
Бота апай (би)
Нағыз биші-ұстазсыз. Шаршасаңыз да сездірмей күлімдеп, «шәкіртім би үйренсін» деп жүресіз.
Гүлжайнар апай (ағылшын тілі)
Берген сабағыңыз жүрегімізге тамырланды. Үйреткен ағылшын тіліңіз мәңгі есімізде қалады.
Райса Санжовна
Өнердің, әртістіктің қыр-сырын үйреттіңіз. Саяңыз ыстық, мәуелі бәйтеректей тамырыңыз сан тарапқа тараған.
Бекболат ағай & Руслан ағай
Жаттығудың талай түрін жасатып, секіртіп-жүгіртіп, «дендерің шымыр болсын» деп тәрбиеледіңіздер.
Жанат апай
Шалалықты түзеттіріп, балалықты есейттіңіз. Еркеліктің де ертеңін ойлаттыңыз.
Сабырыңыз құрыштай: жөн айттыңыз ұрыспай, тентекті бұрышқа тұрғызбай-ақ түзедіңіз.
Сізден ізгі кішілікті, үйрендік біз кісілікті. Ғылымның тереңіне бойлаттыңыз.
Алғысымыз сізге — шексіз, мың алғыс!
Ақ жол, жас түлектер!
Тілектің түйіні
Алдарыңда сан тарау жолдар тұр. Бәрің де елге қызмет ететін азамат болуға бет алдыңдар.
Бірінші сыныпқа келетін балаларға білімнің кілтін табыстаймыз.
Соңғы қоңырау үні
Болашақтарың қызыл қыр гүліндей жайнап, бүлдіршінді күн нұры аяласын.
Жаңа табыстар жақсы күнге бастасын. Бүгін — соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!