Жұлдызшалармен таныстыру
- Сабақтың тақырыбы
- Шығыс септік
- Сабақтың мақсаты
-
1) Шығыс септігі туралы алған білімді жинақтау, тұрақтандыру және сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2) Тілдік қорды байыту, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа баули отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеу.
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау.
- Көрнекіліктер
- Жұлдызшалар, сөзжұмбақ, тірек-сызба, қима үлестірмелі қағаздар, ребустар, суреттер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Өлеңмен ашу
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Балалар, бүгінгі сабағымыз — кемеңгер, ғұлама ақындарымыз сөйлеген туған тіліміз, қазақ тілі.
Үй тапсырмасын тексеру
1) Жұлдызшалар жүйесімен бағалау
Бүгінгі сабақтағы білім нәтижесін жұлдызшалар арқылы анықтаймыз. Дұрыс жауап берген оқушының алдына жұлдызша қойылады.
2) Тапсырма: адасқан буындар
Адасқан буындарды өз орнына қойып, сөз құрастыру.
Ескерту
Оқушылар әр сөзді дұрыс құрастырған сайын жұлдызша алады.
3) Қорытындылау
Үй тапсырмасы бойынша жауаптар талданып, негізгі қателер түзетіледі.
Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ арқылы сабақ мақсатын анықтау
Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын өздері тұжырымдайды.
Шарты
Жақша ішіндегі амалдарды орындаймыз. Шыққан нәтиже бойынша сан сөзінің қажетті әрпін төмендегі сан арқылы анықтаймыз.