Сабақты қорыту. Сабақтың түрі

11-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

С. Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы

Сабақтың түрі мен әдісі

  • Түрі: іздену сабағы
  • Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың мақсаты

  1. 1) Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру, өлеңдерін жатқа айтқызу. «Көкшетау» поэмасының мазмұнын меңгертіп, кейіпкерлеріне талдау жасау.
  2. 2) Шығарма мазмұнына сүйене отырып, оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын дамыту.
  3. 3) Халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін және Отанын сүйетін азамат болып қалыптасуына тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайд Венн диаграммасы Суреттер

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру («Ойлан, жұптас, топтас»)
  3. Жаңа сабақ
  4. «Жұлдыздар әлемі» (сұрақ-жауап)
  5. Салыстыру стратегиясы
  6. Қорытынды
  7. Үйге тапсырма
  8. Оқушыны бағалау

Сәкен кім?

Сабақта Сәкен Сейфулиннің көпқырлы тұлғасын ашу үшін төмендегі қырлары жүйеленеді.

Ұстаз Ақын Сазгер Редактор Қоғам қайраткері Зерттеуші

Жаңа сабақ: «Табиғат — поэзияның қайнар көзі»

«Көкшетау» — туған жер мен Отан тақырыбын арқау еткен поэма. Шығармада табиғат көркімен қатар тарихи оқиғалар да қамтылады.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын.

— С. Сейфулин, «Көкшетау»

Поэмадағы аңыздық желілер

Ақын Көкше өңірі туралы аңыздардың ішінен бірнеше желіні даралап алып, көркем баяндауға айналдырады:

Жеке батыр Бурабай Оқжетпес Жұмбақтас

Аңыз: Жеке батыр

Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Бурабай

Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңменен қалың жыныс.

Оқжетпес

Басына атсаң-дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.

Жұмбақтас

Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір-бір сұлу бас-басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек-дағы,
Абылай бәсекенің бас қасында.

«Жұлдыздар әлемі»: сұрақ-жауап

1) «Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылды?

Жауап: 1928 жыл.

2) Бұл қандай поэма?

Жауап: Туған жердің ғажайып сұлулығы мен тарихын суреттейтін поэма.

3) «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін білдіретін сөздер мен тіркестер

Сүп-сүйір бейне найза — шың құз биік,
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.

4) Портрет дегеніміз не?

Жауап: Көркем әдебиетте адамның сыртқы бейнесін, кейпін, жүріс-тұрысын суреттеу.

5) Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?

Жауап: Сұлу, ақылды, мінезді, адамгершілігі мол, сүйіспеншілігі тұрақты, байсалды, тапқыр.

6) Поэмадағы Адақ батырдың портреті

Қарасұр, ұзын бойлы емес талпақ,
Денесі көк құрыштай, өрдей шалқақ.
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,
Қақпақтай қобы жауырын, топшы жалпақ.

Қорытынды

Поэмада ерлік пен батырлық, сүйіспеншілік пен шексіз махаббат, жастық жігері мен адамгершілік құндылықтары тұтас өріледі. Туған жер бейнесі — тарихи жадымен, аңызбен және көркем тілмен астасқан негізгі өзек.

Рефлексия кестесі: «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім»

Білемін

Ақынның өлеңдерін, поэмаларын және әңгімелерін білемін.

Білгім келеді

  • Көкше қаласын барып көргім келеді.
  • Бурабай көліне түсіп, табиғатын тамашалағым келеді.

Үйрендім

  • Адамгершілік — асыл қасиет екенін ұғындым.
  • Сүйіспеншілік пен тапқырлықтың маңызын байқадым.

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау

Қатысу белсенділігі, мәтінмен жұмыс, жауаптың дәлелі мен тілдік сауаттылық ескеріледі.

Үйге тапсырма

«Көкшетау» туралы шығарма жазу.

Ұсыныс құрылымы

  • Кіріспе: туған жер ұғымы
  • Негізгі бөлім: табиғат көркі, аңыз желілері, кейіпкерлер
  • Қорытынды: шығарма әсері және жеке ой