Қысым бірлігі

Қызықты тәжірибелер

Мақсаты

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Білім мен дағдыларын дамыту.
  • Бақылау және зерттеу қабілеттерін жетілдіру.
  • Шапшаңдыққа және ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта.
  • Тәжірибе көрсетуге арналған құрал-жабдықтар.
  • Сыйлықтар, марапаттау қағаздары.

Қатысушылар

Топтар
  • I топ Динамика
  • II топ Механика
Әділқазылар
  1. Қасым ағай
  2. Нұргүл апай
  3. Қымбат апай

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын, егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы, дер ем.

Бүгінде физика барлық жерде: құрылыста, техникада, өндірісте. Бұл ғылымның сырларын игеріңдер, шәкірттер — ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген — биік шың. Бақытқа сені жеткізер. Білім деген — ақылшың, Қиындықтан өткізер.

Олай болса, «Қызықты тәжірибелер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Рух берер жолдар

Егеменді қазақтың біз ұланы,

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны.

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың,

Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз Резерфорд, өзің қолда,

Жеңіс тек бізде болар осы жолда.

Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар —

Отырған дәл алдыңда, оң мен солда.

Сайыс кезеңдері

I. Командаларды таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын және мүшелерін таныстырады. Бағалау әділ болуы үшін қазылар алқасы ұпайларды тіркейді.

II. «Физика біздің айналамызда»

Жылдам сұрақтарға нақты жауап беру кезеңі: күнделікті өмір мен ғылымдағы ұғымдар байланысады.

III. «Қызықты тәжірибелер»

Топтар берілген құралдармен тәжірибе жасап, құбылыстың себебін физикалық тұрғыда түсіндіреді.

II кезең: Сұрақ-жауап

I топ
Динамика
  1. Ет, балық, банкаларды тұздау қандай құбылысқа негізделген?
    Жауап: диффузия.
  2. Физиканың алғашқы ұстазы кім?
    Жауап: Аристотель.
  3. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал қандай?
    Жауап: телескоп.
  4. Күштің өлшем бірлігі қандай?
    Жауап: Ньютон.
II топ
Механика
  1. Массаны өлшейтін құрал қандай?
    Жауап: таразы.
  2. Тығыздықтың өлшем бірлігі қандай?
    Жауап: кг/м³.
  3. Күн жүйесінің моделін жасаған кім?
    Жауап: Коперник.
  4. Ең бірінші қазақ ғарышкері кім?
    Жауап: Т. Әубәкіров.
  5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыс әсерінен тарайды?
    Жауап: диффузия.

III кезең: Қызықты тәжірибелер

I топ тәжірибелері
балқу кристалдану жарық электрлену
  1. Мұзды стаканнан жіппен қалай алуға болады?
    Құралдар: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Түсіндіру: тұздың әсерінен мұздың беті ериді, жіп мұзға кіріп, қайта салқындағанда жіпке жабысып қатады (балқу және кристалдану).
  2. Теңге су құйғанда неге толық көрінеді?
    Құралдар: суы бар тәрелке, 100 теңге. Түсіндіру: жарық сәулесі әр ортада әртүрлі таралады; су құйылғанда сәуленің бағыты өзгеріп, теңге толық көрінеді.
  3. Газетпен ысқыланған шар неге төбеге жабысады?
    Түсіндіру: шар үйкеліс нәтижесінде электрленіп, төбемен электрлік тартылыс пайда болады.
  4. Екі шарды газетпен үйкеп жақындатсақ, неге тебіледі?
    Түсіндіру: аттас зарядтар бірін-бірі тебеді.
  5. Бір шарды газетпен, екіншісін жүнмен үйкеп жақындатсақ, не болады?
    Түсіндіру: әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады.
II топ тәжірибелері
атмосфералық қысым бет ауданы сұйық қысымы Архимед күші
  1. Стаканды қағазбен жауып төңкерсек, су неге ақпайды?
    Құралдар: стакан, су, қағаз. Түсіндіру: атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді де, қағазды ұстап тұрады.
  2. Екі қағаздың бірі неге тезірек түседі?
    Құралдар: A4 форматындағы 2 қағаз (бірі жазық, бірі шиыршықталған). Түсіндіру: қысым түсірілген бет ауданына тәуелді: шиыршықталған қағаздың ауданы кіші болғандықтан, оған әсер ететін қысым салыстырмалы түрде көбірек болып, ол жерге бірінші жетеді.
  3. Сабынды көтергенде тәрелке неге бірге көтеріледі?
    Құралдар: тәрелке, су, сабын. Түсіндіру: молекулалардың өзара байланысы (жабысу/ілінісу әсері) тәрелкені «ұстап» тұрады.
  4. Баклашкадағы тесіктерден су неге әртүрлі қашықтыққа атылады?
    Құралдар: пластмассалық баклашка, су. Түсіндіру: сұйықтың қысымы деңгейге байланысты: төмендеген сайын қысым артады, сондықтан төменгі тесіктен су алысқа ағады.
  5. Суға әртүрлі заттарды салғанда нені байқаймыз?
    Құралдар: суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш салу. Түсіндіру: Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуын және қалқу құбылысын көреміз.

Қосымша кезеңдер

IV. Сергіту сәті

Екі топқа да қысқа сергіту тапсырмалары беріледі: ой сергіту, жылдамдық пен командалық үйлесімділікке арналған ойындар.

V. Сөзжұмбақ шешу

1-топ
«Ампер» сөзжұмбағы
  1. Қуат бірлігі.
  2. Кедергі бірлігі.
  3. Қысым бірлігі.
  4. Ұзындық бірлігі.
  5. Электр сыйымдылығының бірлігі.
2-топ
«Физика» сөзжұмбағы
  1. Молекулалардың үздіксіз, ретсіз қозғалысы.
    Жауап: диффузия.
  2. Итальян ғалымы.
    Жауап: Галилей.
  3. Заттың үш күйінің бірі.
    Жауап: газ.
  4. Табиғатты зерттейтін ғылым.
    Жауап: физика.
  5. Заттың ең ұсақ бөлшегі.
    Жауап: молекула.
  6. Сұйықтың көлемін өлшейтін құрал.
    Жауап: мензурка.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды ой

Физика — табиғаттың тілі, көз тартар сұлулықтың сыры.

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, артыңнан қалмайды — тірі де ол.

Саған ән, айтылған сөз, ішілген ас; ғарыш кемелері, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр — бәрінің бағынары физика.

Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау

  • Топтарды қазылар шешімі бойынша марапаттау.
  • Мақтау қағаздары мен сыйлықтарды тапсыру.