Мәтінді теру ережесі
Сабақтың мақсаты
Сабақ құрылымы оқушыны мәтіндік редакторда сауатты жұмыс істеуге және бірлескен әрекеттестікке бағыттайды.
1) Білім
WordPad-та мәтін теру ережелері туралы нақты мәлімет беру.
2) Дағды
Ережелердің қызметін ажыратып, мәтінді дұрыс теру мен түзетуді үйрету.
3) Тәрбиелік
Өзгенің пікірін тыңдауға, құрметтеуге және топта мәдениетті жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Білу
Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімін толықтырады.
Түсіну және қолдану
Топтық жұмысты өз тәжірибесінде тиімді қолданады, бірлесе жұмыс істеу барысында өзгенің ойын құрметтеуді үйренеді.
Бағалау
Өзін-өзі және өзгені бағалау дағдысын қалыптастырады.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
- Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері оқушы белсенділігін арттыруға, жаңа білімді топпен меңгеруге және практикалық тапсырмалар арқылы бекітуге құрылған.
1) Психологиялық ахуал
Жылы бастау- Оқушылармен бірге тұрып, «Шаттық шеңберін» құру.
- Сабаққа байланысты бір-біріне ақ тілектер айту.
- «1 мен 2 алмаңдар, 3-ке алданып қалмаңдар. Кілең 4-тік алғандар, 5-ті ғана армандар.»
2) Топқа бөлу
ЫнтымақтастықТүрлі түсті кәмпиттер арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Топтағы 5 рөл
- Көшбасшы
- Баяндамашы
- Дизайнер
- Уақыт сақшысы
- Бақылаушы
3) Өткенді пысықтау
Сұрақ-жауапҮй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақ-жауап өткізіледі.
- WordPad қандай редактор?
- Мәтіндік редактор дегеніміз не?
- WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
- WordPad-ты қалай іске қосамыз?
- Мәтінді не арқылы тереміз?
- WordPad-та жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын I-тәрізді белгі қалай аталады?
- Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
- Мәтін қандай өлшеммен жазылады?
- Екі сөздің ортасына не қойылады?
- Мәтін элементтеріне нелер жатады?
4) Жаңа тақырып
Постер әдісіТақырып: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
І топ
Мәтінді теру және түзету ережелері.
ІІ топ
Мәтін бойынша жылжу.
Уақыт бөлінісі
- Тақырыппен танысу: 3 минут
- Дайындық: 3 минут
- Қорғау: 4 минут
Әр топ мәтінмен танысып, плакатқа негізгі ойларды түсіреді. Баяндамашы топ жұмысын қорғап шығады.
5) Сергіту сәті
Логикалық сұрақтар- Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: екі сағат.
- 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, бір жұмыртқа неше минутта піседі?
- Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг болса, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
- Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр. Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады?
- Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?
6) Жеке жұмыс
Деңгейлік тапсырмаA деңгейі
- Өз аты-жөніңді тер.
- Түс таңда, қаріп өлшемін 16 қойып, мәтінді жолдың ортасына орналастыр.
B деңгейі
- Келесі өлең шумағын тер.
- Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, түс таңда.
- Мұғалімге көрсет.
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
C деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, «Менің сыныбым» тақырыбына шағын эссе жаз.
- Қаріп: Times New Roman
- Өлшемі: 12
- Пішімі: курсив
7) Бекіту
«Не білдім, не үйрендім?»Оқушылардың түсінуін анықтау үшін қорытынды сұрақтар қойылады.
- Бас әріпті қалай енгіземіз?
- Бос орын қай кезде қойылады?
- Enter пернесін қай кезде басу керек?
- Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
Қайталау
Word (немесе WordPad) редакторындағы пішімдеу батырмаларының қызметтері еске түсіріледі: қаріп түрі мен өлшемі, қалыңдату, курсив, асты сызу, туралау және т.б.
8) Бағалау және үй тапсырмасы
ҚорытындыБағалау
Оқушылардың топтық және жеке жұмыстағы белсенділігі, дәлдігі және ережені сақтау деңгейі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Мәтінді теру ережелері мен мәтін бойынша жылжу тәсілдерін қайталау, келесі сабаққа дайындық.