Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі

Түсінік хат

«Ғажайып микроәлем» — 7-сыныпқа арналған элективті курс. Курс көлемі 34 сағат. Мектеп бағдарламасында өте ұсақ тірі ағзалар әлемі — бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, қарапайымдылар тақырыптарына уақыт аз бөлінетіндіктен, бұл курста оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған микроорганизмдер бөлімі кеңейтіліп беріледі.

Микроорганизмдерді бақылау барысында микроскопты қолдану оқушылардың қызығушылығын оятады. Тірі нысанды зерттеу, тәжірибе жүргізу танымдық белсенділікті арттырып, практикалық дағдыларды жетілдіреді және теория мен практиканың байланысын нығайтады.

Курстың мақсаты

Көзге көрінбейтін әлемнің ұсақ өкілдері туралы оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Курстың міндеттері

  • Микробиология ғылымының тарихи даму кезеңдерін меңгерту.
  • Әртүрлі патшалықтардың біржасушалы өкілдерінің құрылысын салыстыру.
  • Зертханалық құрал-жабдықтармен және микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Шығармашылық қабілетті дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Оқушы нені білуі қажет

  • Микробиология ғылымының даму тарихын және электрондық микроскоптың зерттеудегі рөлін.
  • Ұсақ ағзалар өкілдерінің құрылымдық ерекшеліктерін.

Оқушы нені істей алуы керек

  • Микропрепараттар дайындау.
  • Әртүрлі бактериялар мен зең саңырауқұлақтарын өсіру.
  • Әртүрлі патшалық өкілдерін сипаттап, суреттеу.
  • Биологиялық тәжірибе нәтижелерін бақылап, қорытынды жасау.

Оқыту әдістері мен түрлері

1

Әңгіме, дәріс.

2

Қосымша әдебиетпен жұмыс.

3

Практикалық және зертханалық жұмыстар.

4

Зерттеу әдісін практикалық жұмыста қолдану.

5

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.

6

Өзекті мәселелерді шешу, жоба жасау және қорғау.

Курстың мазмұны мен құрылымы

I бөлім

Кіріспе: микробиологияның қалыптасуы және зерттеу құралдары

Бұл бөлімде микробиология ғылымының даму кезеңдері, микроскоптың ашылу тарихы және ғылымның өркендеуіне үлес қосқан зерттеушілер қарастырылады. Француз микробиологі Луи Пастер (1822–1895) және неміс ғалымы Роберт Кох — микробиологияның негізін қалаушылар ретінде таныстырылады.

Сондай-ақ микроскоптың құрылысы, онымен жұмыс істеу ережелері және зертханалық құрал-жабдықтарды қауіпсіз қолдану талаптары меңгеріледі.

Қазіргі микробиологияның негізгі бағыттары

  • Генетикалық және жасушалық инженерия
  • Тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы
  • Медицина және денсаулық сақтау
  • Ластанған ауа, су, топырақты тазарту
  • Пластмасса жасау, металл және мұнай өндіру
  • Топырақ құрылымын жақсарту

Зертханалық жұмыс №1

Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережелері.

II бөлім

Бактериялар: құрылымы, тіршілігі және маңызы

Бөлім бактериялардың қолайлы ортада тіршілік етуі, бактерия жасушасының құрылысы мен пішіні, сыртқы және ішкі құрылымы, қоректену тәсілдері, таралу жолдары және маңызы тақырыптарын қамтиды.

Бактериялардың биосферадағы рөлі

  • Шіріту бактериялары — органикалық заттарды минералдандыру
  • Топырақ бактериялары — топырақ құрылымын түзуші
  • Азот түзуші бактериялар — топырақты азотты қосылыстармен байыту
  • Цианобактериялар
  • Мұнай түзуші бактериялар

Адам өмірі және шаруашылықтағы маңызы

Оң рөлі

  • Сүт тағамдарын ашыту
  • Тері илеу
  • Сүрлем дайындау
  • Сүт қышқылын алу

Теріс рөлі

  • Азық-түлікті шіріту
  • Адам, жануар, өсімдік ауруларын тудыратын патогенді бактериялар

Күресу әдістері

Пастерлеу (пастеризация), стерильдеу және залалсыздандыру тәсілдері қарастырылады.

Зертханалық жұмыс №2

Тіс бактериясын бақылау.

Зертханалық жұмыс №3

Картоп таяқшасы және шіріту таяқшасының құрылысын қарау. Уақытша микропрепарат дайындау.

Тәжірибелік жұмыс

Картоп таяқшасы мен шіріту бактериясына қоректік орта әзірлеу және өсіру мәдениетін бақылау.

III бөлім

Микроскопиялық саңырауқұлақтар: зең және ашытқы

Бұл бөлімде саңырауқұлақтар дүниесі, олардың негізгі белгілері, жіктелуі (фикомицеттер, базидиомицеттер және т.б.), сондай-ақ зең саңырауқұлақтарының ерекшеліктері мен маңызы оқытылады.

Ашытқы саңырауқұлақтарының құрылысы және адам өміріндегі маңызы жеке қарастырылады.

Зертханалық және тәжірибелік жұмыстар

  • Зертханалық жұмыс №4

    Зең саңырауқұлақтарын микроскоп арқылы қарау.

  • Зертханалық жұмыс №5

    Ашытқы мәдениетін бақылау.

  • Тәжірибелік жұмыс

    Температураның көгерген саңырауқұлақтардың өсуі мен дамуына ықпалын анықтау.

Ескерту

Курсты меңгеру барысында қауіпсіздік ережелері, зертханалық мәдениет және нәтижені дәл тіркеу дағдылары тұрақты түрде қалыптастырылады.