Топ мүшелерінің сайысы
Мақсаты
Қызығушылық пен дағды
Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауды дамыту, білімді тереңдету және кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Ойын арқылы дамыту
Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу; нақыл сөздер мен ойын элементтері арқылы ой-өрісті кеңейту.
Зейін, зерде, шығармашылық
Зейін мен ойлау процестерін дамыту, қиялды ұштау, қабілеттерді шыңдау және шығармашылық әлеуетті арттыру.
Кіріспе сөз
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
Қымбатты білімсүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек», — деген. Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысып, оның қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екенін айқын сезінесіздер.
Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.
Математикалық сайыс — бұл еңбек. Сондықтан ұқыптылық, жинақылық және тәртіп — басты талап.
Топтардың таныстыруы
«Алғырлар» тобы
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты,
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Ән
Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан — дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.
(«Асыл жарым» әнінің әуенімен)
«Тапқырлар» тобы
Осындай алғыр достар кез келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп Алғырларды ой-саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына,
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Ән
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тапсырмалар мен кезеңдер
1) Жылдам есептеу
Қай топ шапшаң әрі дұрыс есептейді?
8 − 4 − 3 = 1
8 : 4 × 3 = 6
(8 − 4) × 3 = 12
8 × 4 + 3 = 35
(8 + 4) : 3 = 4
8 − 4 + 3 = 7
8 + 4 + 3 = 15
(8 + 4) × 3 = 36
8 : 4 + 3 = 5
8 + 4 − 3 = 9
8 × 4 − 3 = 29
8 × 4 × 3 = 96
2) Нүктелерді орналастыру (30 секунд)
Әр дөңгелекшеге 30 секунд ішінде бір-бір нүктеден қойып шығу керек.
3) Нүктелерді орналастыру (1 минут)
Әр үшбұрышқа бір минут ішінде екі нүктеден қойып шығу қажет.
4) Санамақ есептер
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Бие бар, құлын емізген,
Қос ешкі туған егізден.
Үш қозы мен екі қой —
Бәрі қанша, ойлап қой.
Жауабы: 15
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бір ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой —
Бәрін бірге санап қой.
Жауабы: 15
5) Мақалды жалғастыр
Мақалды тап: «Жақсыдан қалма, жаманға баспа!»
6) Әр топтан 3 оқушы
«Жаңылмаймын» ойыны
30-ға дейін санайды. 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сандардың орнына «Жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен оқушы ойыннан шығады.
«Көңілді санау»
Кесте бойынша 700-ден 940-қа дейін санау (берілген тапсырмаға сай).
«Телефон» тізбегі
Алғырларға
4+2=6−5=1+6=7+4=11−9=2+3=5−2=3
Тапқырларға
6+2=8−5=3+6=9+4=13−9=4+3=7−2=5
7) Жылдам сұрақтар
- 1) Еріншектің ертеңі бітпес.
- 2) Бір минутта 60 секунд бар.
8) Жұмбақтар
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.
Күшіне сенген бір мықты,
Жығып алып сегізді,
«Барайын қайда?» дегізді.
Шекер жейтін аққұтан,
Бір қазыққа байланды.
Аузына тістеп шекерін,
Ол қазықты айналды.
Қандай санның атауының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
Жауабы: «жүз» — 100
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беріліп, қорытынды жасалады. Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.