Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау

Білім беру саласы

Сала

Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сабақ тақырыбы

Үлкен және кіші

Мақсаты

Заттарды санына қарай салыстыру қабілетін арттыру; бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып заттарды санау, солдан оңға қарай санауды қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

  • Үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке
  • 4 кіші тәрелке

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.

Оқу қызметіне кіріспес бұрын тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, назарын сабаққа аударады.

Кіріспе: жұмбақтар

Жұмбақ 1

Тікен-тікек, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекте шай табақта,
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта пернелер.

Жұмбақ 2

Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ көкеңнің —
Ойлан тап, не екенін.

Негізгі идея

Балаларға «үлкен–кіші», «бір–көп» ұғымдарын түсіндіріп, санауды солдан оңға қарай дұрыс орындауға үйрету.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балалардың қызығушылығын оятып, жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа жетелейді. Түсіндіруден кейін оқу қызметі барысында бірқатар тапсырмалар орындатылады.

Дәптермен жұмыс

  • Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
  • Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.

Санауға арналған сұрақтар

  • Сол жақ карточкада неше киіз үй бар? Оң жақ бұрышта неше киіз үй бар?
  • Тақия көп пе, әлде киіз үй көп пе?
  • Қане, тақияны санайық. Нешеу?
  • Енді киіз үйді санайық. Нешеу?

Осы сұрақтар арқылы балалар санауға жаттығып, заттарды бір-бірінен ажыратуды үйренеді.

Келесі тапсырма

Заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсыныңыз. Тәрбиеші балалардың өз бетінше жұмыс жасауын бақылап, қажет кезде бағыт береді.

Сергіту сәті

Оңға қарай иілдік,
Солға қарай иілдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.

Автор туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, «Сен сұлу» жеке балабақшасының тәрбиешісі — Сейділдаева Гүлзат.

Бағыт

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: «Үлкен және кіші»

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}