Тоқтар - тұңғыш ғарышкер

Әдебиеттік оқу 2-сынып Аралас сабақ

Сабақ тақырыбы: «Тоқтар — тұңғыш ғарышкер» (Е. Өтетілеуов)

Білімділік

Өлең мазмұнын түсіндіре отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік

Ғалам құпияларын танып-білуге ынталандыру; өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.

Көрнекіліктер

Суреттер, қима қағаздар, фишкалар

Әдістер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, ұжымдық жұмыс

Негізгі идея

Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі арқылы ғылымға қызығушылық пен отансүйгіштік сезімін нығайту

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.

Топқа бөлу

  • 1-топ

    Ай

  • 2-топ

    Күн

  • 3-топ

    Жер

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

1-топ (Ай)

Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.

Жауабы: ғарыш кемесі

2-топ (Күн)

Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.

Жауабы: зымыран

3-топ (Жер)

Құстан аумайды,
Көкте зулайды.

Жауабы: ұшақ

Келесі қадамда «ғарыш кемесіне мініп», ғарыштағы «жұлдыз тапсырмаларын» орындаймыз: әр топ берілген тапсырмаларды жүйелі орындап, ортақ талқылауға қатысады.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелейді.

  1. 1 Жусан мен бойтұмар
  2. 2 Бейбарысты сатып жіберуі
  3. 3 Сұлтан Бейбарыс кім?
  4. 4 Мәтін неге «Жусан иісі» деп аталған?

Жаңа сабақ

Кіріспе тапсырма

Ай және Күн топтары

Өздеріне берілген аспан денелері туралы білетіндерін ортаға салады.

Жер тобына сұрақтар

  • Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
  • Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін атаңдар.

Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат алып, Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар — тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз.

Тоқтар Әубәкіров туралы қысқаша мәлімет

Туған жылы, жері
1946 жыл, 27 маусым. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 Мамыр ұжымшары.
Ұлты
Қазақ.
Білімі
Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Ұшқыш-инженер.
Оқуы
1965–1969 жж. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінде оқыған.
Ғарышқа ұшуы
1991 ж. 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты (экипажда Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибёк).
Жұмысы
«Мир» орбиталық кешенінде бір апта жұмыс істеді.
Жерге оралуы
1991 ж. 10 қазанда Жерге қонды. Ғарышта болған уақыты: 7 күн 22 сағат 13 минут.
Маңызды дерек
Тоқтар Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері. Одан кейін оның ізін жалғаған ғарышкер — Талғат Мұсабаев. Қазақстанда жыл сайын 12 сәуір — Ғарышкерлер күні аталып өтеді.

Өлеңмен жұмыс

Е. Өтетілеуов «Тоқтар — тұңғыш ғарышкер»

  1. 1) Мәнерлеп оқу

    Әр топ өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өзара талдайды.

  2. 2) Түсініксіз сөздер

    Топ ішінде түсініксіз сөздерге жауап іздеп, болжам ұсынады.

  3. 3) Ортақ талқылау

    Барлық сынып болып ой бөлісіп, негізгі ойды анықтайды.

  4. 4) Сөздік жұмысы

    Жаңа сөздермен жұмыс жүргізіліп, сөйлем ішінде қолдану ұсынылады.

Сабақты бекіту

1-топ

Басқа планеталар

Басқа планеталар туралы білетіндерін әңгімелеп береді.

2-топ

Құдіретті Жер-ана

Жер-ана туралы ой қозғап, қысқаша әңгіме құрайды.

3-топ

Ғарыш әлемі

Ғарыш әлемі тақырыбында сурет салады.

Бағалау және қорытынды

Бағалау

Оқушылардың жұмысы фишкалар арқылы бағаланады: топтар жинаған фишкалар саналып, нәтижесі бойынша мадақтау сөздер айтылады.

Үй тапсырмасы

  1. 1 Өзіңе ұнаған өлең шумағын жаттау.
  2. 2 Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару.