Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Қысқа мерзімді жоспар (Геометрия, 8-сынып)

Сабақ тақырыбы: Екі нүктенің арақашықтығы. Бұл сабақта оқушылар жазықтықтағы берілген координаталар арқылы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын меңгереді және оны есеп шығару барысында тиімді қолдануға дағдыланады.

Сонымен қатар, оқушылар есеп шығару жолдарын сыни тұрғыдан талдап, өз жұмысын тексеру және бағалау мәдениетін қалыптастырады.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды жазықтықтағы екі нүктенің координаталары бойынша арақашықтықты табу формуласын үйрету және оны есептер шығару кезінде қолдана білуге дағдыландыру.

Есеп шығару тәсілдерін сыни тұрғыдан саралап, дұрыс әрі негізделген шешім қабылдауға бағыттау.

Сабақтың міндеттері

  • Есептің мәнін табу барысында оқушының ой-қиялын дамыту.
  • Өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету.
  • Бірлесе жұмыс жасап, ортақ мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқытудағы басқару және көшбасшылық АКТ қолдану Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Стратегиялар мен әдістер

Топтық жұмыс және ынтымақтастық

  • Шаттық шеңбер, «Ыстық алақан»
  • Топқа бөлу: «Түсті лента» арқылы
  • «Өкіл» әдісі

Белсенді сұрақ-жауап және бағалау

  • «Ыстық орындық»
  • «Көзге көрінетін айғақ»
  • «Бағдаршам», «Басбармақ»
  • Рефлексия

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалысқа негізделген қысқа сергіту: «Жұмыр қылыш».

Сабақ барысы

I. Кіріспе: қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан».

Мақсаты: оқушылардың бірлігін нығайтып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу

«Түсті лента» арқылы.

Мақсаты: топта өзін-өзі реттеу және бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

II. Тұсаукесер (12 минут)

Әдіс: «Ыстық орындық». Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша білімді еске түсіру және жүйелеу.

Қайталау сұрақтары

  1. Пифагор теоремасын тұжырымда.
  2. Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт.
  3. Тікбұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?
  4. Координаталар жүйесін алғаш енгізген ғалым кім?
  5. Абцисса және ордината осьтері қалай орналасады?

Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтан оқушылар шақырылып, тапсырмалар талқыланады.

Тапсырма: №177 есеп.

Мұғалім туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

№21 жалпы білім беретін орта мектебі (КММ)

Пән мұғалімі

Математика пәнінің мұғалімі: Искакова Эльмира Кенбаевна

Материал: «Екі нүктенің арақашықтығы».