Сәлем дейміз баршаңа
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жомарт күз»
Білім беру саласы: Коммуникация • Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Көрнекі құрал
Слайд тақтасы
Әдіс-тәсілдер
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Негізгі мақсат
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Оқу міндеттері
- Күз сыйлығы — жемістер мен көкөністер туралы түсінік қалыптастыру.
- Түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге ынталандыру.
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері
Сәлем дейміз көк аспан,
Сәлем дейміз жер ана.
Сәлем дейміз баршаңа.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Кіріспе сұрақтар
Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?
Жауабы: күз.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Қандай мезгілдер?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз айларын атайық.
Күз айлары: шағын таныстыру
Қыркүйек (Айзере)
«Менің атым — Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлық пен берекенің айымын! Сендер мен туралы не білесіңдер?»
Қазан (Гүлсезім)
«Менің атым — Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той-думанға кеңейтемін. Балалар, менде қандай мерекелік күндер бар?»
Қараша (Кәусар)
«Күздің соңғы айы — Қараша мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін еске саламын. Қыркүйек пен Қазанға қарағанда менің қандай ерекшелігім бар?»
Тәрбиешінің қорытындысы
«Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер күз айларымен таныстыңдар.»
Апта туралы сұрақтар
- Апта неше күннен тұрады?
- Апта күндерін ата.
- Бүгін аптаның қай күні?
Күздің атаулары
Күз мезгілі «алтын күз», «сары күз», «қоңыр күз» деп те аталады.
Қонақ: «Алтын күз»
Кездесу сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бәрің керемет әдемі болып кетіпсіңдер! Мен сендерге жұмбақ алып келдім. Дұрыс шешсеңдер, бәріміз бірге ойын ойнаймыз.»
Жұмбақ
Қызыл, жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Ескерту: балалар жұмбақтың шешуін табады, содан кейін ойынға өтеді.
Белсенді бөлім
Тақпақтар
Балалар «Алтын күзге» арнап тақпақтарын айтады.
Сергіту сәті
«Кәне, балалар, бірге би билейік!»
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Шарты: жемістер мен көкөністерді ажырату, түстері мен пішіндерін атап беру.
Қоштасу
«Өте жақсы, балалар! Енді мен кетейін. Күзден кейін қыс жақындайды. Келесі жылы күзде жолыққанша. Сау болыңдар!»
Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Қорытынды сұрақтар
- Бізге қонаққа кім келді?
- Біз қандай ойын ойнадық?
- Жемістер мен көкөністер қай кезде піседі?
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
- Мекеме
- «Ақбота» балабақшасы
- Тәрбиеші
- Алиева Гүлмира Доғдырбекқызы