Қасқырдың төртінші тапсырмасы
ОҚО, Шымкент қаласы • №89 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Жунсбекова Айнаш Умеркульевна
Пән
Математика
Сынып
1-сынып
Тақырып
Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Негізгі мақсат
Толық ондықтармен жұмыс істеу және арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Шеберлік
Логикалық ойлауды дамыту, дәлелдеп жауап беруге ынталандыру.
Дағды
Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар толық ондықтарды қосуды және азайтуды меңгереді.
Кіріктірілген модульдер мен әдіс-тәсілдер
Кіріктірілген модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау
- АКТ-ны пайдалану
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Әдіс-тәсілдер
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (сәттілік тілеу)
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі сәрсенбі күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Тек бестіктер болсын!
Топқа бөлу
- I топАлмұрт
- II топАлма
- III топКиви
- IV топАнанас
Бағалау және критерийлер
| Ұпай | Баға |
|---|---|
| 20–25 | 5 |
| 15–19 | 4 |
| 10–14 | 3 |
| 0–9 | 2 |
- Тапсырманың дұрыс орындалуы
- Ойды толық жеткізу
- Дауыс ырғағының сақталуы
- Жұмыстың ұқыптылығы
Сабақтың сюжеттік желісі: «Қызыл телпек» көмектес сұрайды
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Иә, мен — Қызыл телпекпін. Бүгін орманда қиын жағдай болды: ешкінің 6 лағын қасқыр алып кетіпті. Ешкі жылап отыр. Біз қасқырдан лақтарды қайтаруды сұрадық, бірақ ол: “6 тапсырмамды орындасаңдар ғана қайтарамын” деді. Мен сол тапсырмаларды алып, ұзақ жол жүріп, сендерді іздеп келдім. Бізге көмектесесіңдер ме?»
Дұрыс әрі белсенді орындаған оқушыларға тәтті сыйлықтар да қарастырылған.
II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді пысықтау
Үй тапсырмасы: №4, 179-бет.
Қасқырдың 1-тапсырмасы: «Өзіңді-өзің тексер» (Үндемес ойыны)
Әр топ ұяшық таңдайды. Оқушылар өрнектердің мәнін стикерге жазып көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
- 2 + 3 + 4 =
- 5 + 3 − 8 =
- 4 − 2 + 0 =
- 4 + 5 − 3 =
- 6 + 3 − 7 =
- 6 + 1 − 7 =
- 7 + 2 − 8 =
«Зымыран сұрақтар»
- Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (қосу)
- Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз? (азайту)
- 5 ондықта неше бірлік бар? (50 бірлік)
- 1 дм-де қанша см бар? (10 см)
- 1 м-де қанша дм бар? (10 дм)
- Қосудың компоненттері: қосылғыш, қосылғыш, қосынды
- Азайтудың компоненттері: азайғыш, азайтқыш, айырма
«Артық санды тап» (дәлелде)
Қатар 1
2, 6, 10, 8, 4
Қатар 2
0, 3, 7, 9, 5
Қатар 3
64, 54, 28, 34, 24
Ондықтарды оқу және атауларын еске түсіру
«2 ондық, 4 ондық, 1 ондық, 3 ондық» — бұл жазылуда ондық ұғымы бар. Әр ондықтың өз атауы болады.
| Ондық | Сан | Бірлікпен |
|---|---|---|
| 1 ондық | 10 (он) | 10 бірлік |
| 2 ондық | 20 (жиырма) | 20 бірлік |
| 3 ондық | 30 (отыз) | 30 бірлік |
| 4 ондық | 40 (қырық) | 40 бірлік |
| 5 ондық | 50 (елу) | 50 бірлік |
| 6 ондық | 60 (алпыс) | 60 бірлік |
| 7 ондық | 70 (жетпіс) | 70 бірлік |
| 8 ондық | 80 (сексен) | 80 бірлік |
| 9 ондық | 90 (тоқсан) | 90 бірлік |
| 10 ондық | 100 (жүз) | 100 бірлік |
Оқушылардың сұрағы: «Ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?» Бұл сұраққа сабақ барысында жауап табамыз.
IV. Жаңа сабақ: ондықтарды қосу және азайту
Түсіндіру
Ондықтарды да қарапайым бірліктер сияқты қосуға және азайтуға болады:
7 − 5 =
7 ондық − 5 ондық =
70 − 50 = 20
Қасқырдың 2-тапсырмасы: топтық жұмыс
2 + 4 =
2 ондық + 4 ондық = 20 + 40 =
60
5 − 1 =
5 ондық − 1 ондық = 50 − 10 =
40
7 − 5 =
70 − 50 =
20
3 + 6 =
30 + 60 =
90
Қасқырдың 3-тапсырмасы: оқулықпен жұмыс
180-бет, №1. Қалып қойған ондықтарды атау.
«Көңілді санамақ»
Ондықтарды өсу және кему ретімен мүмкіндігінше тез санау (қазақша, орысша, ағылшынша).
Қасқырдың 4-тапсырмасы: баған түріндегі мысалдар
I топ
Өзге топтарды бақылайды.
II топ
- 4 + 2 = 6
- 6 − 2 = 4
- 6 дм − 2 дм = 4 дм
- 60 см − 20 см = 40 см
III топ
- 66 − 4 = 62
- 60 − 40 = 20
- 4 дм + 2 дм = 6 дм
- 40 см + 20 см = 60 см
IV топ
- 40 + 20 = 60
- 60 − 20 = 40
- 6 дм − 4 дм = 2 дм
- 60 см − 40 см = 20 см
№3 (үлгі бойынша)
30 + 20 = 50
20 + 30 = 50
50 − 20 = 30
50 − 30 = 20
Қасқырдың 5-тапсырмасы: өрнектерді толықтыр
Бұл кезеңде II топ өзге топтардың жұмысын бақылайды.
I топ
- 40 + 30 = 70
- ... + ... = ...
- 70 − ... = ...
III топ
- 50 + 20 = 70
- ... + ... = ...
- 70 − ... = ...
IV топ
- 60 + 30 = 90
- ... − ... = ...
- ... − 60 = ...
Сергіту сәті
Ойын: «Сатушы және сатып алушы».
Қасқырдың 6-тапсырмасы: «Суретті математика»
Сандарды магнитті суреттермен алмастырып, есептің шешімін табу.
1-есеп
Саяжайда 60 алма ағашы өсіп тұр еді. Тағы 20 алма ағашы отырғызылды. Алма ағашы нешеу болды?
2-есеп
Гүлге 20 көбелек келіп қонды. Аз уақыттан соң тағы 20 көбелек ұшып келді. Барлығы неше көбелек болды?
3-есеп
Айнұрдың 70 дана құлпынайы бар еді. Ол 30 данасын Аружанға берді. Айнұрда қанша құлпынай қалды?
4-есеп
Сатушы қыздың 40 дана түймедақ гүлі бар еді. Ол 20 данасын сатты. Сатушы қызда тағы неше түймедақ қалды?
Қосымша тапсырма (уақыт болса): «Адасқан әріптер»
Қосу, азайту амалдарын және компоненттердің атауларын қайталау:
- қсоу→ қосу
- зтйаау→ азайту
- сқғышолы→ қосылғыш
- зғйшааы→ азайғыш
- атшзйқаы→ азайтқыш
Семантикалық карта
Тақырып бойынша білімді бекітуге арналған тапсырма (кестемен жұмыс).
V. Қорытындылау және рефлексия
Сұрақтар
- Бүгін біз нені үйрендік?
- Ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?
- Алған білімімізді өмірде қолдана аламыз ба?
Нәтиже
Әр оқушының жинаған ұпайы есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Оқушылар мадақталады.
Біз бүгін біліміміздің арқасында ешкінің 6 лағын қасқырдан құтқарып, білімді әрі жанашыр екенімізді көрсеттік. Қазақстанның болашағы — білім мен ғылымда. Ол — сендердің қолдарыңда.
VI. Үй тапсырмасы
Үйге: №4–5, 180-бет.