Ғажайып алаң

«Білім сайысы»

Білім бәйгесінің мақсаты: пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін бақылау, озат оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр әрі ізденімпаз шәкірттер қатарын көбейту.

Жүргізуші сөзі

Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі жаһандану дәуірінде дамыған елдердің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін ел басшылығы да жиі атап көрсетеді. Қазақстанның өркениетті ел болуының басты шарты — сапалы білім.

Білім — патриотизмнің негізі. Білімді болу — жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.

Сайыс ұраны

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Кіріспе шумақ

Ойын толқып, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толып жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайысқа қатысушылар

Құрметті ұстаздар, қатысушы үміткерлер! «Білімпаздар бәйгесі» атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа 5 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушы бар.

1-топ

Білгірлер

2-топ

Тапқырлар

3-топ

Алғырлар

4-топ

Талаптылар

5-топ

Білімділер

Батылдық балалық шақта шыңдалады. Баланы тәрбиелеудің тиімді құралдарының бірі — ойын.

Әділқазылар алқасы

Сарапшылар:

  • 1 ________________________
  • 2 ________________________

Сайыс кезеңдері

  1. I кезең

    Кім білгір?

    Әр топқа кезекпен 4 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай. Жауап бере алмаса, сұрақ келесі топқа ауысады.

  2. II кезең

    Сиқырлы сандық

    Тақтада 3 сандық бейнеленген. Әр сандықта тапсырмалар бар. Тапсырмаларды жауап парағына жазбаша орындайсыздар. Дұрыс орындаған топ — 20 ұпай.

  3. III кезең

    Ғажайып алаң

    10–40 аралығындағы ұяшықтар — ұпай саны. Ұпай артқан сайын тапсырма күрделене түседі. Дұрыс жауап берген топ сол ұпайды иеленеді.

  4. IV кезең

    Кім жүйрік?

    Барлық топқа ортақ бейнелі сөз беріледі. Оны бірінші болып шешкен топ — жеңімпаз.

I кезең: «Кім білгір?» сұрақтары

I топқа

  1. Тасымал дегеніміз не?
  2. Қосу амалының құрамды бөліктерін ата.
  3. Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз? Қандай?
  4. Ағаштың сабағын қалай атайды?

II топқа

  1. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  2. Азайту амалының құрамды бөліктерін ата.
  3. Айнала жасыл желекке оранып, күн нұрын молынан төгеді. Бұл қай кезде болады?
  4. Қар еріген бойда, қар астынан шығатын алғашқы гүл қалай аталады?

III топқа

  1. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз қалай айтылады?
  2. Қосудың қасиеттерін ата.
  3. Жануарлардың дауысын қай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
  4. Күн жылығанда сынап бағанасы қандай деңгейде болады?

IV топқа

  1. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз қалай айтылады?
  2. Азайтқыш артқан сайын айырманың мәні қалай өзгереді?
  3. Қазақстанның астанасы қалай аталады?
  4. Жай көзбен қарағанда көз жеткенге дейінгі кеңістік қалай аталады?

V топқа

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  2. Қосылғыш артқан сайын қосындының мәні қалай өзгереді?
  3. Балаларға білім беретін маман иесі кім?
  4. Жануарлардың дауысын қай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?

II кезең: «Сиқырлы сандық» тапсырмалары

1-сандық

Сөздердің тасымалдану жолын көрсет.

  1. Оқытушы
  2. Дәрігер
  3. Жұмысшы
  4. Сәулетші
  5. Суретші

2-сандық

Шартты белгілерді сал.

  1. Аспан ашық
  2. Аспан ала бұлтты
  3. Аспан тұтас бұлтты
  4. Жаңбыр
  5. Қар

3-сандық

Өрнектердің мәнін тап.

1)

  • 20 + 30 =
  • 50 − 10 =
  • 40 + 60 =
  • 70 − 30 =

2)

  • 10 + 30 =
  • 50 − 20 =
  • 40 + 50 =
  • 60 − 30 =

3)

  • 40 + 30 =
  • 50 − 40 =
  • 70 + 10 =
  • 60 − 50 =

4)

  • 10 + 70 =
  • 90 − 50 =
  • 80 + 20 =
  • 80 − 30 =

5)

  • 40 + 10 =
  • 80 − 40 =
  • 20 + 20 =
  • 40 − 20 =

III кезең: «Ғажайып алаң»

Қарап тұрмай алаңға келіңіз, еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Ғажайып бір мына алаңды көріңіз.

Бұл кезеңде 10, 20, 30, 40 ұпайлық тапсырмалар ұсынылады. Ұпай жоғарылаған сайын сұрақ күрделене түседі.

Тұлға

10 ұпай

Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім?

20 ұпай

Үш биді ата.

30 ұпай

Тұлғаны таны: Абай Құнанбаев.

40 ұпай

Тұлғаны таны: Бауыржан Момышұлы.

Құбылыстар мен қасиеттер

10 ұпай

Жаңбырдан соң кемпірқосақтың шығуы қандай құбылысқа жатады?

20 ұпай

«Ұзынсары» дегеніміз не?

30 ұпай

Өседі, қоректенеді, тыныс алады… Бұлар қандай табиғат иелері?

40 ұпай

Ауа райын өлшейтін құрал.

Математика

10 ұпай

Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

20 ұпай

Геометриялық фигураларды ата.

30 ұпай

Анасы базардан 2 кг алма және 4 кг алмұрт әкелді. Барлығы неше кг жеміс әкелді?

40 ұпай

1 дециметрде неше сантиметр бар? Ал 1 метрде ше?

IV кезең: «Кім жүйрік?»

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Жоғары, жоғары, жорғала,

Шапшаңдыққа таң қалма.

Ойын деген — тартыс-талас,

Жеңілемін деп ойлама.

Ереже

Бұл кезеңде бейнелі сөз беріледі. Бейнелі сөз барлық топқа ортақ. Қай топ бірінші болып шешсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Жауаптар

  • Азайту
  • Метр

Қорытынды

Қадірменді ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер! Осымен сайысымыз аяқталды. Баршаңызға сәттілік тілейміз!