Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғындыру

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Қола дәуірінің өзіндік сипатын, адамзат тарихындағы маңызын, ерекшеліктерін, археологиялық зерттелуі мен зерттеу нәтижелерін түсіндіру.

Дамытушылық

Қола дәуірінің тарихи кезең ретінде алатын орнын ашып көрсету; қола туралы түсінікті қалыптастыру және оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін айқындау; картаның көмегімен Қазақстан аумағындағы қола дәуірі аймақтарын анықтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Адамзат дамуындағы ірі жетістіктердің еңбектің арқасында келгенін ұғындыру; оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу; қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін түсіндіру.

Сабақтың форматы

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ.
  • Сабақтың әдістері: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Ежелгі Қазақстан картасы Кестелер Сызбалар Қима қағаздар Интерактивті тақта Венн диаграммасы Қола дәуірі құралдарының суреттері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, оқушылардың назарын сабақ мақсатына бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма

3–4 оқушыдан түсінік сұрау.

2-тапсырма (жеке жұмыс)

Қима қағаздар таратылады: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

  1. 1. Ең бірінші қолданылған металл — мыс.
  2. 2. Бұдан шамамен 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.
  3. 3. Ботай тұрағы шамамен 15 гектар жерді алып жатыр.
  4. 4. «Энеолит» сөзі мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді.

3-тапсырма (шығармашылық)

Кестені толтыру.

III. Білімін жан-жақты жетілдіру

«Таза тақта» әдісі: оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

1. Ботайлықтар қай малды қолға үйреткен?

Жылқы.

2. Еңбек бөлінісі қашан пайда болды?

Энеолит дәуірінде.

3. Мыс-тас ғасыры қоғамында қандай өзгерістер болды?

Еңбек бөлінісі пайда болды, аталық ру үстемдігі қалыптасты.

4. Ботай тұрағынан қанша тұрғын үй табылды?

158 тұрғын үй.

5. Тотемизм дегеніміз не?

Адамдар өздерінің шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыруы.

6. Маңғыстаудағы Шебір елді мекенінен табылған ескерткіштер туралы не білесіңдер?

Тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді. Әшекейлеуде тарақ тісі секілді өрнектер қолданылған.

IV. Жаңа сабақ

Қола дәуірі — металл өңдеудің кең таралып, еңбек құралдары мен тұрмыс сипаты айтарлықтай өзгерген тарихи кезең.

Жоспар

  1. Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі.
  2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.

Металл құралдардың өндіріске енуі

Адамзаттың ой-санасы мен өмірлік тәжірибесі уақыт өте жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жаңа технологияларға жол ашты.

Тұрмыста ең алғаш пайдаланылған металл — мыс.

Қола және оның құрамы

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынады.

Қоланың пайда болуы еңбек құралдарының сапасын арттырып, өндіріс пен тұрмысқа елеулі ықпал етті.

Қазақстан аумағындағы кен орындары

  • Металл кеніштері қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңында, сондай-ақ Қарқаралы мен Ақшатау тауларында болған.
  • Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орындарынан қалайы өндірілген.

Тарихи деректер мен сандық мәліметтер

Ғалым Қ. И. Сәтбаев есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан шамамен 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.

Шығыс Қазақстандағы Нарым мен Қалба өңірінде шамамен 1100 тонна қалайы өндірілген.

Хронология

Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл мен б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.

Дереккөз және автор туралы белгі

Мектеп

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №29 Александр Герцен орта мектебі.

Материал

Үсенқұлова С. Е. — «Қола дәуірі» (6-сынып тақырыбы бойынша оқу материалы).