Материалдық мәдениет
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті (слайдтар арқылы)
Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
География
Көрнекілік
- Киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері
- Интербелсенді тақта
- Слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру; материалдық мәдениет туралы жалпы мәлімет бере отырып, қазақ халқы мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық
Материалдық мәдениет туралы түсінікті кеңейту; мәдениетті жан-жақты қырынан танып-білуге көмектесу; әлемдік және ұлттық мәдениетті сабақтастыра отырып, өз көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелік
Қазақ халқының бай мәдениетіне құрмет сезімін дамыту; мәдениетке қызығушылықты арттыру; материалдық мәдениеттің озық үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ барысы
Кезеңдер
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй тапсырмасын сұрау
- III Жаңа сабақ
- IV Пысықтау және қорытынды
- V Бағалау және үй тапсырмасы
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрап, естеріне саламын. Одан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.
Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарды тексеріп, бағалаймын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап, жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары
- 1. Қазақ баспанасы
- 2. Қазақтың ұлттық киімдері
- 3. Ұлттық қолөнер бұйымдары
Ең алдымен оқушыларға: «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деген сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң, өз сөзіммен толықтырамын.
Мәдениет екіге бөлінеді:
- Рухани мәдениет
- Материалдық мәдениет
1) Қазақ баспанасы: киіз үй
Бұрын көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы — киіз үй. Оның басты артықшылығы — көшіп-қонуға ыңғайлы, тез жиналып, тез құрастырылатындығы.
Маусымдық көшу кезінде киіз үйдің жабдықтары көбіне түйеге артылған. Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекітіп, «күйме» деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болып, таза ауаның үздіксіз кіріп тұруымен ерекшеленген.
Қанат саны
Киіз үй 6, 8, 12 қанатты болып бөлінген. 12 қанатты киіз үй көбіне бай-дәулетті адамдарда болған.
Негізгі бөліктері
- Кереге
- Уық
- Шаңырақ
- Есік
Жабын киіздері және шикізат
Киіз үйге жабылатын киіздер: туырлық, үзік, түндік. Оларды жасауда негізгі шикізат ретінде қой жүні пайдаланылған.
2) Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері — материалдық мәдениеттің ірі жетістіктерінің бірі. Ұлттық киім түрлері адамның жас ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайына және кию уақытына қарай айқындалған.
Негізгі киім үлгілері
- Тон
- Қамзол
- Шапан
- Тақия
- Бөрік
- Сәукеле
- Кимешек
- Бешпент
Әрі қарай әр ұлттық киімнің қандай жағдайда және қай уақытта қолданылатыны туралы нақты мысалдар келтіріп түсіндіремін.
3) Ұлттық қолөнер бұйымдары
Бұрын қазақ халқында қолөнер өте жоғары деңгейде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, сондай-ақ әртүрлі сүйек түрлерін пайдаланған.
Әсіресе әйелдерге арналған сәндік әшекейлер кең тараған: сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы және т.б.
Ат әбзелдері
Көшпелі өмір салты үшін ат әбзелдерінің маңызы зор болған. Ер-тұрман және сәнмен өрілген арқандар әр шаңырақта кездескен.
Қару-жарақ
Жаугершілік кезеңдерде ұсталар қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.
Пысықтау: мәтінмен жұмыс
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, пысықтау мақсатында оқушыларға мәтінмен жұмыс ұйымдастырамын. Тақырыпшаларды оқушыларға дауыстатып оқытып, бірлесе талдау жасаймыз.
Қорытынды кезең: бекіту сұрақтары
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады. Әр оқушының жауабын тыңдап, қажет жерінде толықтырып отырамын. Соңында бүгінгі сабақтағы басты мәселелерге қайта тоқталып, тақырыпты бекітемін.
- 1) Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?
- 2) Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
- 3) Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін ата.
- 4) Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың жауаптарын, мәтінмен жұмысқа қатысуын және талдаудағы белсенділігін ескере отырып бағалаймын.
Үй тапсырмасы
- Параграфты оқу.
- Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
- «Мәдениетім — мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.