Балалар бүгін аптаның қай күні
Сабақтың тақырыбы
Ыдыс-аяқ атаулары
Білімділік
Оқушыларды ыдыс-аяқ атауларымен таныстырып, сөздік қорын кеңейту және сөйлеу дағдысын жаттықтыру.
Дамытушылық
Қазақ тіліне деген құрметін арттырып, ізденушілік қабілетін және тілдік белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Қазақ тілін құрметтеуге баулу және ыдыс-аяқтың тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіру.
Көрнекіліктер
- Ыдыс-аяқ суреттері
- Видеоролик
- Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер
- Дидактикалық ойындар
Сабақ форматы
Сабақты ұйымдастыру барысы
Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Жылы сұрақтар (доп арқылы)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай қыс айларын білесіңдер?
- Бір аптада неше күн бар?
- Қай күндері демаласыңдар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін айдың нешесі?
- Бүгін ауа райы қандай?
Тақырыпқа кіріспе (өлең жолдары)
Ыдыс-аяқ атауларын жаттаймыз,
Ата-ананың үмітін біз ақтаймыз.
Кесе, табақ, шәйнек, пышақ, қасық —
Тағы да жаңа сөздер қосып қайталаймыз.
Топқа бөлу
1-топ
«Бәйтерек»
Біз білімді баламыз, қазақ тілін үйреніп аламыз.
2-топ
«Қыран»
Қыран құстай боламыз, қазақша сөйлей аламыз.
Сөздікпен жұмыс
Тақырыптық сөздерді қазақша-орысша сәйкестендіріп үйренеміз.
Ыдыс жиынтығы
набор посуды
Шәйнек, шәугім
чайник
Аққұман
чайник для заварки
Шыны аяқ, тостаған
чашка
Кофе шыны аяғы
кофейная чашка
Сапты аяқ
кружка
Стақан
стакан
Тәрелке
тарелка
Табақ
блюдо
Шұңғыл тәрелке
миска
Кофе құман
кофейник
Құмыра
кувшин
Шыны ыдыс
стеклянная посуда
Шанышқы
вилка
Пышақ
нож
Қасық
ложка
Таба
сковорода
Кәстрөл
кастрюля
Кесе
пиала
Ожау
поварешка
Мақал-мәтел
Ыдыс-аяқ тазалықты жақсы көреді.
Посуда любит чистоту.
Ойын: «Дастарханға достарымызды шақырамыз»
Приглашаем всех наших друзей на стол.
Ойын шарты
- Берілген сөздерді қолданып сөйлем құрау: саламын, құямын, саламыз, құямыз.
- Әр топқа 3 сурет ұсынылады: дастархандағы әр ыдыстың атын атап, сөйлем құрау.
- Дастарханда тұрған ыдыстарды атап, олардың не үшін керек екенін айту.
- Сұрақ: «Дастарханда қандай ыдыстар орналасқан?» / «Какая посуда на столе?»
Тірек сөздер
Салу
положить
Құю
наливать
Кесу
резать / вырезать
Жеу
есть
Үлгі сөйлемдер
- Мен тәрелкеге нан саламын.
- Қазанға ет саламыз. (Положить мясо в котел для варки.)
Жұмбақ
Кесе, шыны, пиала —
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
1-тапсырма: Шашылған сөздерден сөйлем құрау
Сергіту сәті
Ән: «Али мен Айя — Аққала»
Ойын: «Асхана»
Асхана — столовая.
Ойын шарты
Асханадағы ілулі тұрған суреттер бойынша әр топ кезек-кезек, жылдам түрде: «Мынау не?» және «Бұл не үшін керек?» сұрақтарына жауап береді.
Мысал сұрақ
Тәрелке не үшін керек?
2-тапсырма: Сөзжұмбақ
Екі топ ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөзжұмбақ шешеді. Қай топ бірінші аяқтайтынын бақылаймыз.
Сөзжұмбақ бөлімі (жүктеу/қосымша материал ретінде беріледі).