Азайтудың компоненттерін ата
Сабақ туралы ақпарат
Сабақтың тақырыбы
Теңдеу
Көрнекілігі
- Сурет
- Кеспе суреттер
Сабақтың мақсаты
- Теңдеу туралы түсінік қалыптастыру.
- Теңдеу бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, қажетті құрал-жабдықтарын дайындату.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық (өлең жолдары)
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім көп біледі?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау: гүл жапырақтарының артындағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.
- Қосуды не арқылы тексереміз?
- Азайтуды не арқылы тексереміз?
Қосымша тапсырма
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Ой қозғау: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, ерекше торкөзден бүгінгі сабақтың тақырыбын оқимыз.
- 3-пен 1-дің қосындысы.
- Төрт түліктің бірі?
- Қасқыр — жыртқыш...
- Ұшымен қазық, тор көзді жазық. Үстіне өттім, асыл сөз жазып.
- Киіз үй бөлшегі?
- Мөлдір, түссіз, иіссіз.
Қорытынды
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Теңдеу.
Мағынаны ашу
Жазуларды оқып, қайсысы санды өрнек, қайсысы әріпті өрнек, қайсысы теңдеу екенін ажырат.
Өрнек
10 − c
Өрнек
c + 2
Өрнек
7 + 1
Теңдеу
c + 2 = 3
Оқулықпен жұмыс
Санды өрнек
7 + 3
8 − 2
Әріпті өрнек
10 − a
a − 3
Теңдеу
8 + a = 9
№1. Теңдікті жаз
Сөзбен берілгені
- 3 пен 4 сандарының қосындысы 7-ге тең.
- 6 мен 4 сандарының айырмасы 2-ге тең.
- 3 пен a-ның қосындысы 7-ге тең.
- 10 мен a-ның айырмасы 1-ге тең.
- a мен 2-нің айырмасы 6-ға тең.
Жазылуы
3 + 4 = 7
6 − 4 = 2
3 + a = 7
10 − a = 1
a − 2 = 6
Маңызды тұжырым
3 + a = 7, 10 − a = 1, a − 2 = 6 — бұлар теңдеулер.
Мысал: теңдеудің шешімі
3 + a = 7
a = 7 − 3
a = 4
№2. Теңдеуді шеш
Теңдеу
10 − a = 1
Теңдеу
a − 2 = 6
№3. Есеп құрастыр және шығар
- Ләззатта — 5 гүл.
- Қайратта — 3 гүл.
Осы мәліметтер бойынша есеп құрастыр, оны теңдеу немесе өрнек түрінде жазып, шеш.
Жаңа сабақты бекіту
«Ойлан, тап!» ойыны
1-мысал
c + 2 = 3
c = 3 − 2
c = 1
2-мысал
6 + a = 4
a = 6 − 4
a = 2
Сабақты қорыту
Қорытынды сұрақ
Бүгін біз нені шешуді үйрендік?
Математикалық диктант
-
6 санын 2-ге арттыр
6 + 2
-
10 санын 9-ға кеміт
10 − 9
-
5 пен 2 санының қосындысы
5 + 2
-
9 бен 7 санының айырмасы
9 − 7
Үй тапсырмасы және бағалау
VII. Үйге тапсырма
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау (мұғалім нақтылап береді).
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне қарай бағалау.