Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сынып: 5
Тақырып: Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері
Оқу мақсаты
5.1.2.5 — натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.
Ойлау деңгейлері
- Білу
- Түсіну
- Қолдану
- Жинақтау
- Бағалау
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Натурал сандарды дұрыс оқып, жаза алады.
- Санның бөлгішін және еселігін таба алады.
- Жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі.
- Сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
- 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін есеп шығаруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар
- 10-ға бөлінетін сандардың 2-ге де, 5-ке де бөлінетінін дәлелдей алады.
- Қосылғыштар мен көбейткіштердің жазылуына сүйене отырып, 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, өрнектің мәнін таба алады.
Бағалау критерийлері
- Қандай цифрлар жұп цифрлар екенін біледі.
- Қандай цифрлар тақ цифрлар екенін біледі.
- Жұп сандар мен тақ сандарды ажырата алады және мысал келтіреді.
- Бөлінгіштік белгісінің ережесін біледі.
- 2-ге қандай сандар бөлінетінін біледі.
- 5-ке қандай сандар бөлінетінін біледі.
- 10-ға қандай сандар бөлінетінін біледі.
- Ауызша есептеуді орындайды және есептеудің дұрыстығын тексере алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар санның цифрлар арқылы жазылатынын түсінеді; жұп және тақ сандарды оқып, тани алады; санның бөлгіштері мен еселіктері туралы және 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері туралы білімін қолданады.
Лексика мен терминология
- Жұп цифр, тақ цифр
- Жұп сан, тақ сан
- «Егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді»
Құндылықтарды дарыту
- Ынтымақтастық ортада ұйымдасып жұмыс жасау.
- Өзгенің көзқарасына құрметпен қарау.
- Басқалардың пікірін тыңдау және өз ойын ашық айту.
Пәнаралық байланыс және ресурстар
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, жаратылыстану.
АКТ дағдылары
Интербелсенді тақта, слайд, постер.
Бастапқы білім
Натурал сандар, нөл саны, натурал санның бөлгіштері мен еселіктері, жай сан, құрама сан.
Сабақтың басы: ұйымдастыру және өткенді қайталау
Топқа бөлу
Оқушылар 2, 5, 10 сандарының бірін таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
«Сен маған — мен саған» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
Өткен сабақпен байланыстыру сұрақтары (4 минут)
- Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
- Қандай сандар еселік сандар деп аталады?
- 22 санының бөлгіштерін атаңыз.
- 5 санына еселік сандарды атаңыз.
- 254, 540, 321, 80, 610 сандарының қайсысы 10-ға бөлінеді?