Менің достарым
Сабақтың тақырыбы
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. «Д» дыбысы мен әрпі.
Оқу мақсаттары
- 1.1.9.1 — сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
- 1.1.9.2 — дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы
Жаңа білімді меңгереді.
Көбі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар мен ресурстар
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
«Д» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қуан, шаттан, қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Психологиялық ахуал: «Аялы алақан»
Мақсаты
Жылылықты, сенімділік деңгейін және еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық
Қатысушылар шеңбер болып отырады. Мұғалім: «Бүгінгі сабақтан не алғың келеді, нені көргің келеді?» деген сұрақ қойып, жауаптарды тыңдайды. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Соңында барлығы дөңгеленіп, қол ұстасады.
Топқа бөлу
Тақырып: «Отбасы».
Сабақтың ортасы
№1 Жұмбақ шешу
Сол аяқпен, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
Жауабы: Доп
Бір түймелі, екі желілі,
Күйдің көрігі, әннің көлігі.
Жауабы: Домбыра
№1 Тыңдалым: «Достары көп»
Достары көп Мараттың,
Ойнайды олар аулада.
Ағасымен Болаттың
Барады олар тауға да.
Талқылау сұрақтары
- Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?
- Жауапты сыныппен бірге талқылайық.
«Д» дыбысымен таныстыру
Оқушылар «Д» дыбысының айтылуын тыңдап, дұрыс дыбыстауға жаттығады. Дыбыстың сөз мағынасын ажыратудағы рөліне назар аударылады.
№2 Жазылым
Дд әрпін бас және кіші әріп түрінде дұрыс жазу.