Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақтың негізгі мақсаты үш бағытты қамтиды:
- Білімділік: мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілікті ояту.
- Дамытушылық: оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойын дұрыс әрі анық жеткізуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік және ұлағатты сөздер
Көрнекілік ретінде ұлағатты сөздер жазылған плакаттар қолданылады.
«Тіл — ұлттың жаны»
Ұстаным
«Қазақтың тілі сұлу, қонымды да толымды тіл»
В. В. Радлов
Сабақтың эпиграфы
«Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».
Сабақтың түрі және барысы
Түрі
Сайыс сабағы
Тақырып
«Тіл — ұлттың жаны» тіл сайысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Тіл дамыту
II. Жаңа сабақ
- Кіріспе
- Сайыс ережесі
- Турлар
Кіріспе сөз
Балалар, біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар ҚР-ның Ата Заңы — Конституциясында белгіленген мемлекеттік тілі бар. Ол — қазақ тілі.
Сондықтан әр азаматтың парызы — мемлекеттік тілді білу және құрметтеу. Тіл қай халықта да қастерлі. Бүгінгі сабағымыз ерекше: қазақ тілінің білгірін анықтайтын тіл сайысы.
Ойыншыларға сәттілік тілеймін! Сайыс болған соң жеңімпаз да анықталады. Ол үшін әділқазылар алқасын сайлайық.
Сайыстың ережесі
Негізгі талаптар
- Тыныштық сақтау.
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Жауапты қысылмай, анық айту.
Бағалау және тәртіп
- Сайыс 6 турдан тұрады.
- Әр ойыншыға 1-ден 8-ге дейін нөмірленген кәртішкелер беріледі.
- Кәртішкені бірінші көрсеткен ойыншы жауап береді.
- Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
- Әр екі турдан кейін ең төмен ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
Ескерту
Енді әр ойыншы өзін таныстырып өтеді.
I тур — «Бәйге»
1) Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны — кім?
10 ұпайЖауабы: Абай Құнанбайұлы.
2) Абайдың шын аты кім?
10 ұпайЖауабы: Ибраһим.
3) Қазақ тілінде зат есімнің септелу жолдары нешеу?
10 ұпайЖауабы: 2.
4) «Закон сингармонизма» сөзінің аудармасы қандай?
10 ұпайЖауабы: Үндестік заңы.
5) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай қалада орналасқан?
10 ұпайЖауабы: Түркістан.
6) «Подлежащее» сөзінің аудармасы қандай?
10 ұпайЖауабы: Бастауыш.