Балалардың жауабы
Сабақтың мақсаты мен мазмұны
Тақырыбы
Ашық сабақ: «Біз құқықты білеміз!» (слайдтар арқылы).
Мақсаты
Балалардың жыл бойы алған білімдерін қорытындылау.
Міндеттері
- Мектепке дейінгі бағдарламаның меңгерілу деңгейін анықтау.
- Балалардың құқықтық білімдерін тиянақтап, жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, слайдтар, орамал, қуыршақ, есептер, сөздер, адасқан әріптер, сан құрамын анықтауға арналған карточкалар, қалам, қызыл және көк түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге мектептен ұстаздар қонаққа келіпті. Кәне, бәріміз амандасайық.»
Балалар: «Сәлеметсіздер ме!»
Мұғалім: «Балалар, қонақтарға біздің балабақша туралы не айта аласыңдар?»
Өлең
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз,
Біз осы үйдің сәніміз.
Бұл құшағы тым ыстық,
Бастапқы мектебіміз.
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Мұғалім: «Өте жақсы! Қалай ойлайсыңдар, ұстаздар неге бізге қонаққа келді?»
- «Өйткені біз биыл мектепке барамыз.»
- «Біздің білімімізді көруге.»
Мұғалім: «Дұрыс. Ендеше, орнымызға отырайық.»
Слайдтар арқылы жұмыс
1–2-слайд
Мұғалім: «Балалар, қараңдаршы, кім келді?»
Қонақ: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Құқықтану елінің мектебінен келген ұстазбын. Сендердің мектепке дайындығыңмен қатар, құқықтық білімдеріңді де білгім келеді. “Құқық” деген не екенін білесіңдер ме?»
Балалар: «Әрине, білеміз!»
Сахналау
Мұғалім: «Ендеше, “құқық” деген не екенін сахналап көрсетейік.»
Ортаға Гүлназ бен Әлия шығып, қысқаша көрініс қояды.
Көрініс: «Құқық деген не?»
Әлия: «Әже, мен жаңа ғана радио тыңдап отырып бір қызық сөз естідім.»
Әже: «Сол сөз есіңде ме?»
Әлия: «Есімде, бірақ айтуға тілім келмейді. “Ұқық”, “құқық” сияқты... Бұл қандай сөз? Ол зат па?»
Әже: «Айналайын, Әлия, ол зат емес. “Құқық” дегеніміз — әр адамның өз еркі, өз таңдауына мүмкіндік беретін заңды мүмкіндігі.»
Әлия: «Менің де құқығым бар ма?»
Әже: «Әрине, бар. Мынау сен жақсы көретін ойыншығың. Оны саған кім сыйлады?»
Әлия: «Ағатайым сыйлады.»
Әже: «Бұл — сенің ойыншығың. Мен оны біреуге сыйлауға құқылы емеспін. Неге?»
Әлия: «Өйткені ол — менің қуыршағым. Мен оны ешкімге бермеймін.»
Әже: «Дұрыс. Оған сенің құқығың бар. Ал құқықпен қатар міндет те болады. Мұның бәрі Құқықтану елінің кітабында жазылған.»
3-слайд
Қонақ ұстаз: «Құқықтың не екенін біледі екенсіңдер. Енді қандай құқықтарың бар екенін тапсырмалар арқылы тексерейін. Дайынсыңдар ма? Онда алға!»
4–5-слайд
Тапсырма: «Сендер неше жасқа дейін бала болып есептелесіңдер?»
Балалар көгалдағы гүлдер арқылы берілген мысалдарды шығарып, гүлдерді санайды.
Нәтиже: «Барлығы 18 гүл.»
Қорытынды: «18 жасқа дейін — бала.»
6–8-слайд
Тапсырма: алдарыңдағы сызба бойынша сөйлем құрастыру.
Балалар жеке жұмыс жасап, дайын болғандары қол көтеріп жауап береді.
Талқылау: сөйлемдердің адамның есімімен басталуы әр баланың туғаннан бастап есімі, әкесінің аты және тегі болуға құқылы екенін білдіреді.
- Азаматтығы болуға құқылы.
- Ұлтын, дінін және мәдениетін сақтауға құқылы.
9-слайд
Тапсырма: кесте бойынша сан құрамын анықтап, қажетті бөлшектерді орнына қою.
Балалар тапсырманы орындап болған соң, суреттен «Айболит» ертегісін таниды.
10-слайд
Сұрақ: «Осы ертегіге қарап, қандай құқықтарың бар екенін атаңдар.»
Жауап: «Әрбір адамның денсаулығын сақтауға құқығы бар.»
11-слайд
Оқу тапсырмасы: «Нүктеден бастап, сілтеме жолымен оқыңдар.»
Әр бала өз тізбегін кезекпен оқып береді.
12-слайд
Талқылау: оқылған сөздер ойыншықтарға жатады.
Мұғалім: «Олармен біз не істейміз?»
Балалар: «Ойнаймыз.»
Қорытынды сұрақ: «Ойнау үшін қандай құқықтарымызды білуіміз керек?»
- Демалуға құқылымыз.
- Бос уақытымызды тиімді өткізуге құқылымыз.
- Жан-жақты дамып өсуге құқылымыз.
Мұғалім: «Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, сергіп алып демалайық.»