Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға жол қауіпсіздігін есте сақтаудың маңызын түсіндіріп, жол жүру ережелерімен таныстыру.
- Жол жүру ережелерін білуге, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету.
- Көшеде дұрыс жүріп-тұруға, тәртіп сақтауға және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Кіріспе
Бүгін біз «Жол тәртібін білейік» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз. Жол заңы әрқайсымыздан дұрыс жүруді, абай болуды және өзіміз бен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Жол тәртібін бұзу — қауіпті жағдайларға себеп болады. Көбіне жол қозғалысы балалардың жол бойында қалай болса солай жүруі, доп қууы, шаңғы тебуі, жүріп бара жатқан көлікке жабысуы немесе қалтарыстан жолға кенеттен шыға келуі салдарынан бұзылады.
Жол ережесін сақтамау жарақатқа әкелуі мүмкін, ал кей жағдайда адам өмір бойы мүгедек болып қалуы ықтимал.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жол жүру ережелерін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде де, жолда да жүру заңын бұзбайды.
Оқушылардың сөзі
1-оқушы
Арманға алда күткен асығар ма, біз?
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
2-оқушы
Достастырып бар елменен жалғайтын,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
3-оқушы
Мектепке барар жолды — ең қауіпсіз жолды таңда.
4-оқушы
Қала көшесімен жүргенде абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
5-оқушы
Тар тротуармен келе жатқанда, алдыңнан қарсы келе жатқан адамға жол бер.
Диалог: көшедегі тәртіпті не басқарады?
Жүргізуші: Балалар, көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар: Бағдаршам.
Бағдаршам туралы
6-оқушы
Бағдаршам — өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу — баршамыздың міндетіміз.
Бағдаршам — жол қозғалысы элементтерінің ішінде ең ерте қолданыла бастағандардың бірі. Қазіргі таңда оның жасы жүз жылдан әлдеқашан асты. Уақыт өте оның кескін-келбеті де, құрылысы да бірнеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға жарық арқылы нақты бағыт береді.
Оқушылар кезектесіп бағдаршам туралы тақпақ айтады, ал жүргізуші мазмұнына сай қызыл, сары, жасыл түстерді көрсетіп тұрады.
7-оқушы
Үш түсті түсі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегенің —
Сырын жақсы біліп ал.