Оқушыларға тірі организмдердің көбею ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсініктерін меңгерту
Сабақтың тақырыбы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы.
Сабақтың мақсаты
Организмдердің көбеюі, оның түрлері және даму жолдары туралы алған білімді қорытындылау.
1) Танымдық (білімділік)
Оқушылардың тірі организмдердің көбею ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Атқаратын қызметіне байланысты жыныс жасушалары құрылысының ерекшеліктерін анықтау біліктілігін дамыту. Кітаппен және тірек-сызба белгілерімен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру.
3) Тәрбиелік
Зиянды факторлардың ұрық дамуына кері әсерін түсіндіру арқылы ұлдар мен қыздарға гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Сынақ сабақ.
Сабақтың әдістері
- Топпен жұмыс
- Ауызша жауап
- Өзіндік жұмыс
- Кестемен жұмыс
- Тірек-сызба белгілері
- Демонстрация
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта және қосымша материалдар.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқу құралдарын дайындау.
- Тәртіп пен тазалықты қадағалау.
II. Жоспар
- №1 Шығармашылық ізденіс
- №2 Кілтті сөздер
- №3 Терминдер сөйлейді
- №4 Суреттер сөйлейді
- №5 Баламалы тест
III. Орындалуы
№1
Шығармашылық ізденіс
I-топ
Ұрықтану
Жынысты көбею және ұрықтану туралы түсінік беру.
II-топ
Онтогенез
Организмнің жеке дамуы туралы түсінік беру.
III-топ
Филогенез
Организмнің тарихи дамуы туралы түсінік беру.
Әр топ өз тақырыбы бойынша қысқаша баяндама дайындап, негізгі ұғымдарды тірек-сызба арқылы көрсетеді және сұрақтарға жауап береді.