Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет

Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет

Кейде күтпеген жағдай орын алғанда, оңай жол тауып кететін адам назардан тыс қалмайды. Ондай жанды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз, тіпті соған ұқсағымыз келіп кететіні де рас. Бұл қол жетпес нәрсе емес: бақытты сезінуге кедергі болатын кейбір мінез-құлықтан аулақ болу жеткілікті.

1) Бөгде пікірге байланып қалмайды

Ақылды адам басқалардың жаңсақ пікіріне көп мән бермейді. Ол өз еңбегімен жеткен нәтижесін бағалап, табысына шынайы қуана біледі.

2) Қателіктен сабақ алады

Қателеспейтін адам жоқ — ақылды адамдар да жаңылысуы мүмкін. Бірақ олар сәтсіздіктен қорытынды шығарып, қайталамау үшін теріс басқан қадамын есте сақтайды.

3) Даулы жағдайда өзін ұстай біледі

Көп адам дау туғанда эмоцияға беріліп, жеңіліп қалатынын сезсе де өзін тоқтата алмайды. Ал есті адам салмақ сақтайды, өзін бақылауда ұстайды, қажет кезде үндемей қалуды да біледі және өз ұстанымын дәлелмен жеткізе алады.

4) Қолда барына қанағат етеді

Көпшілік көшбасшы болуды армандайды, бірақ оған жете алмағанына қынжылады. Ақылды адам орындалмаған арманға байланып қалмай, қазіргі мүмкіндігін бағалап, барымен алға жылжиды.

5) Тәуекел етіп, жеңілісті қабылдай алады

Тәуекелге бару және жеңілісті мойындау — ақылды адамның басты ерекшеліктерінің бірі. Ол қателігі үшін өзін жазғырмайды: сабақ алып, алға қарай қозғалады. Оның түсінігінде өткенімен өмір сүрген адамның болашағы бұлыңғыр.

6) Мәселені емес, шешімді ойлайды

Адамның ойы эмоциясына әсер етеді. Сондықтан ақылды адам кез келген қиындыққа байланып қалмай, оны шешудің жолдарын қарастырады.

7) Қиындыққа шағымданбайды

Ақылды адамдар өмірдің ауыртпалығына шағымды көбейтпейді. Егер ондай адаммен жолықсаңыз, мәселені бірге талдап, нақты әрекет жоспарын іздейді.

8) Өкпе артпайды, эмоцияны басқаруға тырысады

Теріс эмоцияның болуы табиғи: ол адамды қиындықтан жол табуға итермелеуі мүмкін. Бірақ мәселе шешілсе де, ұзаққа созылған күйзеліс денсаулыққа зиян тигізеді. Сондықтан ақылды жан өз сезімін реттеп, басқаларға өкпе жүктемейді.

9) “Жоқ” деп айта алады

Ақылды адам атқарғысы келмейтін істен бас тарта біледі. Басқаларға “жоқ” деп айта алу — өз жоспарларыңызды уақытында орындауға, энергияңызды қажет нәрсеге жұмсауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: Асыл

Ойға түйеріңізді белгілеңіз, күнделікті өмірде қолданыңыз.