Жұмбақтар шешу
Мақсаты
Оқушыларды төрт түлік малды бағып-күтуге, еңбекқор болуға тәрбиелеу; шығармашылық ойлау қабілетін арттыру; мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру және төрт түлік туралы білімдерін тиянақтау.
Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта, слайд
- Төрт түлік суреттері
- Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
- Сөзжұмбақ
Сабақ барысы
1) Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері» кезінде «Допты қағып ал» ойыны ойналады. Оқушылар жануарлардың дыбыстарын сәйкестендіреді:
Сиыр мөңірейді,
қой маңырайды.
Жылқы кісінейді,
түйе боздайды.
Одан кейін оқушылар топқа бөлінеді.
2) Ой қозғау: жұмбақ шешу
1
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер — тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Жауабы: түйе
2
Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келді жүйрігім.
Жауабы: құлын
3
Шайнайды сағыз,
Сүттің кені нағыз.
Жауабы: сиыр
4
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: қой
5
Басында екі таяғы,
Сидаңдаған аяғы.
Қоймен бірге жаяды.
Жауабы: ешкі
Ертеде ата-бабаларымыз мал атаулының қадір-қасиетін терең біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Малды сүю, бағу, күту, кең даланы малға толтыру — ел болашағы үшін маңызды міндет.
Төрт түлікке: түйе, жылқы, сиыр, қой жатады.
Еті — азық, жүні — киім, терісі — кәсіп.
Төлдері: бота, құлын, бұзау, қозы.
3) Топпен жұмыс
Әр топ өз түлігі бойынша жыр, мақал-мәтелдер мен қысқа таныстырылым дайындайды.
1-топ
Түйе туралы жыр, мақал-мәтел.
2-топ
Жылқы туралы жыр, мақал-мәтел.
3-топ
Сиыр туралы жыр, мақал-мәтел.
4-топ
Қой туралы жыр, мақал-мәтел.
Сергіту сәті
«Қамажай» қимыл-қозғалыс ойыны/әуені.
4) Сабақты қорытындылау
Балалар, аналарың мен әжелерің еркелеткенде «ботам», «құлыным» деп жатады. Дәл сол сияқты, жануарлар да өз төлін еркелетіп сүйеді екен.
Түйе сүйеді баласын — боташым деп,
Жаудыраған көзіңнен — тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын — құлыным деп,
Тұлпар болып жүгірген — жұрыным деп.
Сиыр сүйеді баласын — торпағым деп,
Қараңғыға баспаған — қорқағым деп.
Қой сүйеді баласын — қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін — момыным деп.
Ешкі сүйеді баласын — лағым деп,
Тастан-тасқа секірген — шұнағым деп.
Ырымдар мен тыйымдар
Төрт түлікке қатысты халық тәжірибесінде қалыптасқан тәрбиелік мәні бар ұстанымдар:
-
1
Мал қораның сыртында да, ішінде де ысқырмайды.
-
2
Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
-
3
Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды деп ырымдайды.
-
4
Малға дауыс көтеріп ұрысуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
-
5
Түнде мал санамайды және малды ешкімге бермейді.