Сабақ ұстанымдары

Сабақтың тақырыбы

«Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Сабақ технологиясы

  • Сыни тұрғыдан оқыту
  • Дамыта оқыту

Сабақ әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Слайд қолдану
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі және байланыс

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, әсем әуен.

Пәнаралық байланыс:

Педагогика, қазақ әдебиеті, психология.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Студенттердің «Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы білімін кеңейту және теориялық білімді практикада қолдануға бағыттау.

2) Дамытушылық

Сабақ өткізу әдіс-тәсілдері мен дағдыларын меңгерту; ойлау, қиялдау, өздігінен білім алу қабілетін және оқу процесінде шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

3) Тәрбиелілік

Болашақ мамандыққа қызығушылықты арттыру; бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

«Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелейді, жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселе нені оқытуда емес, қалай оқытуда…»

Шығыс даналығынан

Ұйымдастыру кезеңі

  • «Даналық ағашы» әдісі арқылы студенттерді топтарға бөлу.
  • Сабақ ұстанымдарымен таныстыру.
  • Сабақтың 4 бөлімнен тұратынын хабарлау.

Сабақ ұстанымдары

  1. 1 Ашық болу.
  2. 2 Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу.
  3. 3 Белсенді болу.
  4. 4 Сабақтан ой түйіп, қажеттісін алу.

Жаңа сабақ

Тақырып: «Өзін-өзі тану» сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер.

1-бөлім: «Қайталау — білімнің шыңы»

Тірек сызбамен жұмыс.

2-бөлім: «Ойлан, жұптас, талқыла»

Студенттер тапсырмаларды практика жүзінде орындайды.

1-топ

Мәтінмен жұмыс

2-топ

Ойын, жаттығу

3-топ

«Жүректен жүрекке»

Тапсырма:

Топтық жұмыс (постер қорғау). Үш топ практика барысында қолданған әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Тыныштық сәті (релаксация): «Теңізге саяхат»

Теңіз толқындарының және шағаланың дыбыстары үнтаспадан тыңдалады.

Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең дем алып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз де, алысқа көз жіберіңіз. Жаныңызда сізге жақын, адал әрі сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз алаңсыз күліп-ойнап, теңіз жағалауымен серуендеп жүрсіздер.

Толқындардың шуылы мен шағалалардың дауысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын самалы бетіңізді сипайды. Теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудың таза ауасын терең жұтасыз.

Досыңызбен ішкі сырларыңызды бөлісіп, көңіл күйіңізді айтасыз. Ішіңіз жеңілдеп, жақсы сезімге бөленесіз. Жаныңызда сенімді адамның болғанына қуанып, іштей алғысыңызды білдіресіз.

Енді қайту уақыты келді. Көзіңізді асықпай ашыңыз.

Талқылау сұрақтары

  • Қандай сезімге бөлендіңіз?
  • Не сезінгеніңізді бөлісуге болады.

3-бөлім: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен»

Шығармашылық жұмыс: үш топ студенттері практика барысында қолданылған шығармашылық жұмыс түрлерін көрсетеді.

4-бөлім: «Білгір болсаң шешіп көр, тапқыр болсаң тауып көр!»

Жағдаяттарды шешу арқылы талдау жүргізіледі.

Жағдаяттарды талдау

Жағдаят 1

Мектепке жас маман жұмысқа келді. Ол оқушыларды жинап алып, құпия түрде былай деді: «Сіздер чемоданда ойнай аласыздар ма?» Балалар түсінбей, бір-біріне қарады. «Барлығын таң қалдырып, ағаш қасыққа дейін ойнатып, оркестр құрсақ қайтеді? Бірінші концертіміз Жаңа жыл кешіне арналады. Алғашқы дайындық ертең сабақтан кейін болады. Бірақ ешкімге айтпаймыз».

Осылай құрылған «шулы оркестр» мектеп өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Концерттеріне балалар жаппай келе бастады. Мұғалім оқушылардың сенімді досына айналды: кіші сынып оқушыларына арнап қуыршақ театрын ашты, жоғары сынып оқушыларымен жорықтарға барып, таңды қарсы алып, құстардың сайрағанын бірге тыңдады.

Талқылау сұрақтары

  • Бұл мұғалім балаларды қалай таң қалдыра алды?
  • Ынта-жігері төмен балалардың белсенділер қатарына қосылу себебі неде?
  • Мұғалімнің табысы немен байланысты деп ойлайсыздар?

Жағдаят 2

Жаңа оқу жылында сыныпқа бес оқушы жаңадан келді. Олар сабаққа бірде кешігіп, бірде мүлде келмей, тәртіптерімен ерекшелене бастады. Сынып жетекшісі әрқайсысымен жеке сөйлесіп, сыныптағы талаптың қатаң екенін ескертті. Алайда бұл шара нәтиже бермеді.

Сондықтан сынып жетекшісі сынып белсенділеріне сүйеніп, бірнеше жиналыс өткізді. Белсенділер бірлесіп жұмысқа кірісіп, әр оқушыны қадағалап, қолдауға алды. Ал басқа сыныпта жетекші тәртіп бұзушыларды күн сайын жеке өзі тәртіпке салуға тырысты: үш жыл бойы барлық мәселені өзі шешті, шағым түскен сайын өзі араласты. Нәтижесінде балалар өз бетімен кетті, тәртіп бұзушылар саны көбейе бастады, ал жетекшінің уақыт пен ресурс тапшылығы күшейді. Ол «мұндай оқушылармен жұмыс істеу мүмкін емес» деп жиі айтатын болды.

Талқылау тапсырмасы

  • Екі сынып жетекшісінің ұжыммен жүргізген жұмысын салыстырыңыз.
  • Өз тәжірибеңізде қай тәсілді қолданар едіңіз? Неліктен?