Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі
3–4 сыныптарға арналған танымдық сайыс
«Жас көшбасшы» зияткерлік ойынының сценарийі
Бұл мәтін 3–4 сынып оқушыларына арналған «Жас көшбасшы» танымдық сайысын жүргізуге бағытталған. Тақырып өзегі — Отан, тіл, тәуелсіздік және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құндылықтары.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
«Өз елін, тілін білмеген — өзге елде би болмас» деген ұранмен мерекемізді ашамыз.
Мерекені ашу салтанатына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахын шақырылады.
Әдеби монтаж
Келесі кезекте ортамызға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз. «Отан», «тіл», «тәуелсіздік» тақырыптарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылады.
Жүргізуші оқитын өлең жолдары
Ана тілім — желбіреген туымсың,
Ана тілім — шуақ төккен нұрымсың.
Тілім менің — бар байлығым, алтыным,
Ана тілім — жас желек нуымсың.
Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,
Тілсіз мүлде сөйлей алмас жас-кәрі де.
Ана тілді құрмет тұтып әрқашан,
Тілімізді дамытайық әлі де.
Осы өлең жолдарымен бүгінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған 3–4 сыныптар арасындағы «Жас көшбасшы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тіл — ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Бүгінде ол республикада білім, ғылым, техника, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі таңда қазақ тілі — Қазақстанның мемлекеттік тілі.
Тәуелсіздік — ел бағдары
Тәуелсіздік — ата-бабамыздың арманы мен маңдай терінің жемісі. Мемлекеттік тәуелсіздік ұлттық қауіпсіздіктің, қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп мақсаттарын жүзеге асыруының кепілі.
Еліміздің өсіп-өркендеп, биік белестерге жетуі — баршамыздың ортақ жетістігіміз.
Слайд 1: Қысқаша тарихи деректер
Ойынды бастамас бұрын Қазақстан тарихына қысқаша шолу.
- 1 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
- 2 Алайда қазақ даласы осы күнге дейін талай тарихи кезеңдерді бастан өткерді.
- 3 Аңсаған арманға жету үшін халқымыз қиын-қыстау заманнан өтті.
- 4 Қазақ халқы өз жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғады.
- 5 1941–1945 жылдары фашистік Германияның шабуылына төтеп берді (Ұлы Отан соғысы).
- 6 Семей полигонындағы зұлмат сынақтардың салдарын да бастан кешті.
- 7 Бұл кезеңдер қайта келмес тарих болып қалды.
- 8 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Қазақстанның өз Ата заңы бар. ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев сайланды.
- 9 Әнұран орындалады.
Қатысушыларды таныстыру
«Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс» демекші, өз білімдерін сарапқа салатын сайыскерлерімізді қошеметпен ортамызға шақырамыз.
Слайд 2
Қатысушылар туралы қысқаша мәлімет
-
Қатысушы
3 «А» сынып оқушысы
-
Қатысушы
3 «Ә» сынып оқушысы
-
Қатысушы
4 «А» сынып оқушысы
-
Қатысушы
4 «Ә» сынып оқушысы
Сайыс болғандықтан, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Құрметті сайыскерлер, білімдеріңізді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңізге тілектеспіз.
Сарапшылар алқасы
Енді ойынымыздың сарапшы мамандарымен таныстырып өтейін.
-
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
Бастауыш пән бірлестігінің жетекшісі
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік орта мектебі МКМ
Педагог-ұйымдастырушы: Мамырова Карлыга Калкамановна