Грамматикалық тақырыпты пысықтау
16 желтоқсан: Тәуелсіздік күніне арналған үздік сабақтар бәйгесі
Қонақүй тақырыбы аясында ұйымдастырылған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты сабақ үлгісі оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуды, білімді тәжірибеде қолдануды және топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Сабақ форматы
Ізденіс сабағы
Жаңа білім беру
Технология
Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ қолдану, көшбасшылық.
Әдістер
Кластер, бес жолды өлең, блиц-турнир.
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, стикерлер, маркер, маршрут картасы, «Үміт ағашы».
Мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін көтеру; ұжымдық түрде білім алуға баулу; сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру; лексикалық тақырыпты грамматикамен ұштастыру.
Күтілетін нәтиже
- Сыни ойлау дағдылары артады.
- Тақырыпты өздігінен меңгеруге дағдыланады.
- Қызығушылықтары бойынша ойын еркін әрі жүйелі жеткізе алады.
Міндеттері
1) Тақырыптық білімді тереңдету
Демалыс, туризм, жол жүру тақырыптары бойынша білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету.
2) Ауызекі сөйлеуді дамыту
Ауызекі сөйлеу тілін жаттықтырып, өз ойын толық әрі дәл жеткізуге дағдыландыру.
3) Сауатты жазуға баулу
Орфографиялық, пунктуациялық сауаттылықты нығайту және жазба мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы
Әр кезең оқушы белсенділігін арттырып, тілдік материалды нақты жағдаяттар арқылы меңгертуге бағытталған.
Уақыт
Жоспар бойынша
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут«Тренинг шеңбері» арқылы оқушылар көршісін таныстырып, оның есімі мен сүйікті сабағын айтады. Кейін қонақүй атаулары бойынша топтарға бөлінеді:
- I топ: «Алматы» қонақүйі
- II топ: «Ақcұңқар» қонақүйі
Үй тапсырмасын тексеру
6 минут«Қайталау — оқу анасы» қағидасы бойынша лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастыра отырып, «Теміржол бекеті» тақырыбында диалог құрып келу тапсырмасы талқыланады.
Жаңа сабақ
30 минутШульте кестесі арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты өздері ашады. Ұстаным: «Көп ойлан, жақсы сөйле — пайдалы болсын».
Топтық жұмыс: постер қорғау
Міндеті: өз туған ауылыңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету және оны дәлелді тілмен жеткізу.
I топ
Қонақүйдегі қызметтер
II топ
Қонақүй бөлмесі қандай болуы керек?
«Артық болмас білгенің…»
Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау.
I топ
«Қонақүй» сөзін септеу
II топ
«Қонақүй» сөзін тәуелдеу
2-тапсырма: мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша жақшадағы сұрақтарға жауап беріңдер:
Сөйлем 1
Қонақүй — (қандай?) шаруашылық кешені.
Сөйлем 2
Қонақүй (несіне?) қарай айрықша қонақүйлер немесе қонақүй желілері болып бөлінеді.
Логикалық тапсырмалар
1-топ
Жәнібек ұсақ көпіршіктері бар суды ішіп: «Бұл минералды су емес қой», — деп таңғалды. Неліктен?
2-топ
Көшеде екі бала және екі әке келе жатыр. Барлығы үш адам. Бұл мүмкін бе?
Жаңа сабақты бекіту
Міндеті: қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау.
Кері байланыс
1 минут
Бағалау
2 минут
Үй тапсырмасы
1 минут
Автор туралы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Сексенбаева Жанар Мұхтаровна.