Елтаңбаның авторы кім

7-сынып қазақ тілі

Тақырып

Тіл ұстарту

«Мемлекеттік тіл — менің тілім»

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық сайыс
  • Блум таксономиясы
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Интерактивті тақта
  • Түрлі түсті қаламдар
  • Смайликтер

Сабақтың мақсаты

1) Құндылық

Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін танытып, тілдің көркемдігін сезінуге, сөз құдіретін түсінуге және оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

2) Дамыту

Тілдің әуезділігі мен байлығын ашатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушының дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.

3) Тәрбиелік бағыт

Тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, шешендік өнерді меңгеруге баулу; ана тіліне сүйіспеншілікті қалыптастырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

2) Тренинг

Оқушылар өз есіміне сын есімді тіркестіріп айтады (мысалы: Адал Ардақ, Әдепті Әйгерім, Байсалды Бекарыс, т.б.).

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Достық — біздің ұранымыз.

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген,

Шарықтасын жыр-әніміз.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Татулықты берік ұстап,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

3) Топқа бөлу

Оқушылар үстел үстіндегі өздері қалаған кәмпиттерді таңдап, сол бойынша үш топқа бөлінеді: I топ, II топ, III топ. Әр топ өз ережесін ұсынады.

II. Білу

Сабақтың тақырыбы таныстырылады: «Мемлекеттік тіл — менің тілім». Тақырыпты ашу үшін бейнеролик көрсетіледі.

III. Түсіну (постер әдісі)

«Қазақ тілі» ұғымын постер арқылы талқылау:

  • Ата-бабадан қалған мұра
  • Қарым-қатынас құралы
  • Мемлекеттік тіл
  • Ұлтымыздың белгісі
  • Ана тіліміз
  • Мемлекеттік басқару тілі

IV. Қолдану: тапсырмалар

1) «Бәйге» сұрақтары

  1. 1. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
  2. 2. Елтаңбаның авторы кім?
  3. 3. Қазақша жыл басы қай айдан басталады?
  4. 4. Тудың авторы кім?
  5. 5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
  6. 6. Қазақтың бас ақыны кім?
  7. 7. «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды? 1989 ж. 22 қыркүйек
  8. 8. «Тіл туралы» Заң неше баптан тұрады? 6 тарау, 27 бап
  9. 9. Сөздің дұрыс жазылуын қалай атайды?
  10. 10. Қазақ тіл білімі қандай салалардан тұрады?
  11. 11. Қазақ тіліндегі әріптердің ретімен орналасу жиынтығын қалай атаймыз?
  12. 12. Қосымша нешеге бөлінеді?
  13. 13. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі тілдес

2) «Зеректік» (мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер)

Мақал-мәтел немесе тұрақты тіркес бір сөзі түсіріліп оқылады. Оқушы сол сөзді тауып, оны үш тілге аударады.

Сөйлем Қазақша Орысша Ағылшынша
1 Мектеп — кеме, білім — … теңіз море sea
2 Қорада малың болсын, көшеде … талың дерево tree
3 Адам көркі — шүберек, ағаш көркі — … жапырақ лист foliage
4 Құлан құдыққа құласа, құлағында … ойнайды. құрбақа жаба frog
5 Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш … болмас. орман лес forest
6 Бабалар еккен шынарды … саялар. балалары дети children
7 Қыз өссе — елдің көркі, … өссе — жердің көркі. гүл цветок flower
8 Біреуге мал қайғы, біреуге … — жан қайғы. жан душа soul
9 Тіліңмен жүгірме, … жүгір. білім знание knowledge

3) «Шапшаңдық»

Берілген сөзден 10–15 жаңа сөз құрастыру.

I топ

бауырмал

II топ

қайырымды

III топ

инабатты

4) «Тапқырлық» (Жаңылдырсаң да жаңылмаймын)

Тұспалды сұрақтарға тұрақты тіркес не мақал арқылы жауап беру.

  1. А) Отқа түсіп күймеуге бола ма? — «Отан үшін отқа түс — күймейсің»
  2. Ә) Тауық түс көре ме? — «Тауықтың түсіне тары кіреді»
  3. В) Қар жана ма? — «Қалауын тапса, қар жанады»
  4. Г) Түкіріктен көл құрала ма?
  5. Д) Сүйектен, еттен өтетін не? — «Сөз (таяқ та)»
  6. Е) Кімнің тілі ортақ? — «Шешеннің»
  7. Ж) Ұрлықтың түбі бар ма? — «Қорлық»
  8. З) Адамның төбе шашы тік тұра ма, қашан? — «Қорыққан кезде»
  9. И) Ауырмай өлетін кім? — «Аңдамай сөйлеген»
  10. Й) Кімнен кім жаман? — «Олақтан салақ жаман»

V. Талдау

Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Сонымен қатар берілген сөздерге тілдік талдау түрлері орындалады.

I топ

Сөйлем құрау

Ақпарат құралдарына газет, радио, теледидар, журнал, ғаламтор жатады.

Қосымша талдау

«Газет» сөзіне фонетикалық талдау.

II топ

Сөйлем құрау

ХХІ ғасыр — білім мен техниканың ғасыры.

Қосымша талдау

Сөйлем мүшелеріне талдау.

III топ

Сөйлем құрау

Еліміздің мемлекеттік рәміздері — мақтанышымыз.

Қосымша талдау

«Мемлекеттік» сөзіне сатылай кешенді талдау.

VI. Жинақтау

Семантикалық кесте

Тақырып бойынша білімді қорытындылау үшін семантикалық кесте толтырылады. (Толық нұсқасы қосымша материал ретінде жүктеледі.)