Мұхтар ШахановЭверестке шығуҚадалған көз таларлық, Жігер отын жанар ғып, Эверестке шыққандардың тізімі, Саусақпенен санарлық
Мұхтар Шаханов
Эверестке шығу
Қадалған көз таларлық,
Жігер отын жанар ғып,
Эверестке шыққандардың тізімі,
Саусақпенен санарлық.
Махаббат та шың сияқты:
Күн жақындап қасына,
Бұлт қонатын тасына,
Қыран тектес жандар ғана
Иыға алатын басына...
Бәрі бітті.
Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша,
Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына бой үрса?!
Өзін - өзі өлтіруге тиісті еді Транзей
Сол кездегі әміршінің қатал заңы бойынша.
"Мені айналып, өте алмайтын кезеңге тап болдың ба?"
Дегендей - ақ жарқ - жүрқ етіп қанжар жатты алдында.
"Қайсар Рим заңы солай,
Көзінді енді күрт, батыр" -
Деген сөзді оймен айтып, біраз адам сыртта тұр.
Бөлме дел - сал, жүріп жатыр өмір, өлім таласы,
Ал, қанжарға қол бармайды, бүл азапқа қарашы.
Гүлзар тірлік қимастықпен жымиғанда қиылып,
Ең бастапқы қатқыл ойы бірте - бірте сұйылып,
Дір - дір етіп, дегбірі ұшып қалшылдады бейшара.
Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп.
Осы сәтте кіріп келді Аррия,
Ақша қардай аппақ көйлек киініп,
Жанарынан жан тербетер назды сәуле құйылып.
Асқақ ұстап, сұңғақ бойын сымбатты,
Транзейге әйел былай тіл қатты:
Құдай саған еркек деген ат берді,
Дәулет берді,
Атақ берді,
Бақ берді.
Шараң қанша енді соның бәрімен,
Қоштасатын шақ келді.
Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып,
Қалсын десең еркек атың сақталып,
Есінді жи, айнам менің, есінді жи, қамықпа,
Ел мазағын көтеруден өлім ауыр болып па?!
Илан маған, тіпті түк те қиындығы жоқ мұның,
Батыл ұста қанжарыңды, батыл ұста, шоқтығым!
Ездік мінез сынға түспей қойсын қайдан байқала,
Қиындықсыз келген бақыт кетер кезін айта ма?
Бұл ерлігің болсын сенің ең алғашқы, ең соңғы
Кәне, менің қимылымды қайтала!
Аррия ару Транзейге ойлы көзін ойната,
Жүзін гүлдей жайната,
Күле қарап, тұрдыдағы қанжарын,
Жүрегіне сұғып алды бойлата...
Шулы, даулы пікір тастап артында,
Бір - біріне қол созысқан қалпында,
Біраздан соң екі бейне жатты үнсіз...
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын да
Ұлылық бар сол әйелдің даңқында...
Бірақ мақтау қажет те емес алтынға.
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Олжас Сүлейменов өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ ҚАБАНБАЙ
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
НҰРМҰХАММЕДҰЛЫ ЖАНҚОЖА
Педагогикалық процестің мәні мен мазмұны, құрылымы, қозғаушы күштері мен принциптері
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ туралы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)