Ребус шешу

Сабақ тақырыбы

2 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Ондықтан аттайтын жағдайларда 2 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.

Білімділік

2 санын қосу мен азайту тәсілін түсіндіріп орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Нақтылыққа, ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ типі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Ауызша есептеу
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Өз бетінше жұмыс

Көрнекіліктер

  • Жолақшалар
  • Оқулық
  • Кесте

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру

  2. II

    Өткенді қайталау

  3. III

    Жаңа сабақ

    Ребус шешу: шешуі — «екі».

Санамақ

Бір дегенім — бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім — елім,
Далам, тауым, көлім.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «2 санын қосу және азайту».

Тапсырмалар

№1. Түсіндірме мәтін

Ондықтан аттайтын жағдайларда 2 санын қосу және азайту амалдарын орындау жолдары түсіндіріледі.

№2. Есептер

а)

Қосу

Қайың — 20

Жөке ағашы — 16

Барлығы — ? ағаш

Шешуі

20 + 16 = 36

Жауабы: барлығы 36 ағаш өсіп тұр.

ә)

Азайту

Жөке ағашы — 16

Барлығы — 36 ағаш

Қайың — ?

Шешуі

36 − 16 = 20

Жауабы: 20 қайың ағашы өсіп тұр.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш —
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті —
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он —
Ал, кәнеки, қон.

№3. Өрнектерді жаз және мәнін тап

Өрнек

1 + (1 + 9) = 11

Өрнек

(11 − 1) − 8 = 2

Өрнек

2 + (10 − 1) = 11

Өрнек

(11 − 2) − 7 = 2

№4. Теңдеулерді шеш

1) Теңдеу

a + 2 = 11

a = 11 − 2

a = 9

Тексеру: 9 + 2 = 11

2) Теңдеу

11 − a = 2

a = 11 − 2

a = 9

Тексеру: 11 − 9 = 2

3) Теңдеу

a − 2 = 9

a = 9 + 2

a = 11

Тексеру: 11 − 2 = 9

Қорытынды тексерулер: 11 = 11 2 = 2 9 = 9

Үй тапсырмасы

№4 тапсырма, 67-бет.

Қорытындылау

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа әртүрлі геометриялық фигуралар таратылады: шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш. Фигуралардың екінші бетінде мысалдар жазылады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ өз фигураларын орналастырып, мысық, қоян, үйрек және т.б. мүсіндер құрастырады.

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасына, дәлдігі мен ұқыптылығына қарай бағаланады.