Бұл қос тағдыр тұтас бір халықтың тағдыры

1 желтоқсан — мәңгілік ел болуға бастаған күн

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарийі. Мәтін мазмұны ел тарихы, тәуелсіздік құндылығы, мемлекеттік рәміздерге құрмет және бірлік идеяларын айқындайды.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

Сабыржан

Тәуелсіз қазақ елінің тарихы — елдің тізгінін өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырымен сабақтас. Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихымен қатар өріліп, тұтас бір халықтың ортақ жолына айналды.

Арман

Елімнің атын айтсам — Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам — Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым десем — Қазақстан!

Ел тарихы, жер тарихы — өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ пен қараны айырып тұрса сөзіміз.

Әділ

Приветствуем тебя, наш солнечный, наш гордый Казахстан!
Наша любовь, наша Отчизна, наш край родной, наша земля, наш дом родной!
Наша страна, где солнце всходит, где президент с народом заодно,
где жизнь страны, народа и президента цветёт под солнцем золотым!

Айдос

Қазағымның көз жетпес даласы бар,
Даласының тағдырын данасы ұғар.
Бүгінгі биік даңқымызға,
Айтыңдаршы, кімнің таласы бар?

Қиын-қыстау күндерден өттік, міне,
Әлем бізді танитын күнге жеттік.
Көреген Елбасының арқасында,
Өзгеге көз сүзбейтін күйге жеттік.

Елім барда мен неге жасқанайын,
Топырақ түгіл тасқа да гүл өсірдік.
Жас ұрпаққа зор қамқорлық жасалды —
Жетілдік, қанат қағып, аспандадық.

Тәуелсіздік татқызды балын тәтті,
Елу елдің қатарына жақындатты.
Елбасының әрбір қадамы
Халықтан әрдайым қолдау тапты.

Сабыржан

Елбасының қазақ елі тарихындағы аса маңызды орнын бүгін де, ертең де айқындайтын ерекше күн қажет еді. Сол күн — 1 желтоқсан — күнтізбелік тарихтың жылдар шежіресінен орын алды.

Әдеби монтаж

1-оқушы

О, народ мой, поведать позволь,
Как из пепла страна возрождалась,
Как, пройдя сквозь потери и боль,
Пусть с трудом, но с колен поднималась!

Как по ней реки крови текли
И как горы от стонов дрожали,
Как казахи за счастье земли,
Не страшась, свою жизнь отдавали.

Умирали с надеждой в глазах,
Что их дети, а может быть, внуки,
Смогут гордо сказать: «Я — казах!»,
И ласкать будут слух эти звуки.

Ах, как много пришлось испытать,
Но ты гордых колен не сгибала.
Я люблю тебя, Родина-мать,
Что рабою ты всё же не стала.

Суждено было сбыться мечтам:
Закалился, окреп дух народный —
И из пепла восстал Казахстан,
Независимый, гордый, свободный.

2-оқушы

Неткен дархан, япырау жатқан мынау далайып,
Бір жағында Көкшетау, бір шетінде Алтай — асқақ.
Бір шетінде Қаратау — қарт тарихтың куәсі,
Бір шетінде Алатау — жасыл жаннат, жерұйық.

Қарт бабам қанмен суарған бұл даланың
Қасиеті мен қадірін есейген соң жаңа ұқтық.
Жақсылықтан басқа оның түк келмейді қолынан —
Мынау жұмыр жаһанға жалқы біткен жарықтық.

Бәлкім, біздің бабалар басын тауға, тасқа ұрып,
Дүлей дауыл кетсе кенет асқынып,
Дархан дала дастарханы желмен ұшып кетер деп,
Төрт бұрышын төрт таумен бастырып қойған ба екен?!

Қорытынды тілек

Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

1 желтоқсан — мәңгілік ел болуға бастаған күн.