Толғауының мазмұнын игерту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Ақтөбе қаласы №54 негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Бижанова Рыскүл Базарбайқызы. Сабақ тақырыбы: «Шалкиіз жырау. Би Темірге бірінші толғау».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Шалкиіз Тіленшіұлы толғауларының негізгі тақырыптарын таныту; жырларындағы адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын мазмұнын, ақыл-нақыл мен өсиет сөздерінің молдығын ұғындыру. Толғаудың мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік
Жақсылыққа жақын болуға, елін-жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру, өз бетімен зерттеу мен ізденіске жетелеу.
Күтілетін нәтижелер
-
1
Уақытты тиімді пайдаланып, Шалкиіз толғауының мазмұнын өз бетімен ашады.
-
2
Толғаулар арқылы қалыптасқан өз идеясын еркін жеткізуіне қолайлы жағдай жасалады.
-
3
Тақырыптан түйген негізгі ойын өзінше пайымдап, дәлелдей алады.
Сабақ форматы
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі
- Сын тұрғысынан ойлау
- Әдістері
- СТО стратегиялары
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, қазақ тілі
- Көрнекіліктер
- Слайдтар, оқулық, парақшалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қазтуған жырау шығармашылығына шолу, негізгі ойларды еске түсіру.
III. Пысықтау кезеңі
Әдіс
«Жуан және жіңішке сұрақтар»
Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» әдісі арқылы бастапқы білімді белсендіру: «Шалкиіз жырау кім?» (өзіндік ізденіске сүйеніп жауап беру).
II. Мағынаны тану
«ДЖИКСО» әдісі
«Би Темірге бірінші толғау» жырын бөліктерге бөліп талдау, оқушылардың ой-пікірін толықтыру.
«Дана үкілер» әдісі
- Жырдағы негізгі ойды бір сөйлеммен жазу
- Иллюстрациялық бейнелеу
- Жырдың маңыздылығын анықтау
- Пікір білдіру
«Екі жақты күнделік»
Шығармадан үзінді
Таңдалған жолдар мен тіркестер
Өз пікірім
Жеке түсіндіру, бағалау, дәлел
Мәтінмен жұмыс
Жырдан кездесетін тіркес сөздерді, болымсыз етістіктерді және тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын талдау.
Қорытындылау кезеңі
«Кубизм» әдісі арқылы тапсырмалар орындалады:
III. Ой толғаныс
Рефлексия сұрақтары: «Не білдім?», «Не білемін?», «Нені білгім келеді?».
Бағалау
Формативті бағалау арқылы оқушының талдау дағдысы, пікір айту мәдениеті және белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
- Шалкиіз жырларын жаттау.
- «Шалкиіз — адамгершілік туын көтерген жырау» тақырыбында ой толғау жазу.