Менің жадым - сыр сандық, Ақылымның қоймасы
Балаларға балғын тілек
Балғын балалық - белгілі балалар ақыны Абдрахман Асылбектің соңғы жылдары балаларға арнап жазған өлеңдерінен, жұмбақтарынан, ойындарынан, ертегілерінен және ән - өлеңдерінен тұрады.
Авторы: Абдрахман Асылбек
Тәнім менің тіл қатар
Бал, балақан, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Он екі мүшең түп - түгел
Тіршіліктің қоймасы:
Көз
Жақсы, жаман неменің
Мән бәрін де көремін.
Жаманынан қашықтап,
Қалап алғын керегін.
Құлақ
Жақсы сөзді тыңдаймын,
Жаман сөзге қыңбаймын.
Жақсы хабар естісем,
Жеткізгенше тынбаймын.
Мұрын
Сезіміме сиысты
Сезем барлық иісті.
Адам жаман иісті
Иіскемеуге тиісті.
Ауыз
Ауызбын деп жей берем,
Бере берсе дей берем.
Артық ішіп қоям деп,
Таяқ жеймін кейде мен.
Тіс
Болса егер тіс бүтін,
Болар сенде іш бүтін.
Ауырмаған адамда
Әрқашан да іс бүтін.
Тіл
Тіл сезем ащы - тәттіні,
Жұмсақ пенен қаттыны.
Байланысты тек маған
Балалардың шаттығы.
Миық
Болса көңіл биік тым –
Керілгені миықтың.
Бірге күлер сенімен
Шұғыласын құйып күн.
Ияқ
Сене берме иыққа,
Оған ақыл сиып па?
Қиқаң етсе иығың,
Тірелгенің тұйыққа.
Аяқ
Баспаған жерім болмайды,
Аспаған жерім болмайды
Жүре берсең, түбінде
Ісіңді Алла қолдайды.
Қол
Мен шебермін, шебермін,
Бәрін жасап берермін.
Қолдан келмес еш зат жоқ,
Еңбегіммен көгердім.
Жүрек
Мен – жүрекпін, жүрекпін,
Бір сезімге тірекпін.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылықтан гүл ектім.
Бас
Мен бас болам, бас болам,
Ақыл - ойды басқарам.
Өз тәніңді билей біл,
Жаны жарқын жас балам!
Менің жадым
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.
Ата сөзін тыңдаймын,
Ана сөзін тыңдаймын.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істер қылмаймын.
Ертегі де оқимын,
Өлеңді де оқимын.
Бәрін, бәрін, бәрін де
Еске сақтап, тоқимын.
Көп киноны көремін,
Мультфильм де көремін.
Соның бәрін ұмытпай,
Еске сақтай беремін
Тыңдап әнші әнін де,
Ұғып терең мәнін де,
Жаттап алып ілезде,
Қайталаймын бәрін де.
Өзімді - өзім баптаймын,
Оқып тыным таппаймын.
Жақсыларын жаттаймын,
Есімде ұзақ сақтаймын.
Оралхан Бөкей шығармашылығы
«Балаларға оқу бақытын сыйлайық»
Бір көзімен немересін күзетіп, Бір көзімен жұртты аңдиды сұр кемпір
Азаматтық қорғаныс
Домбыра құрылымы
Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
320-жылдар шамасында Мысыр, Сирия және Кіші Азия шіркеулерінде қызу діни пікірталастар
Қоймадағы қорлардың есебі
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
ХІХ ғасырдың екінші жартысы
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі