Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы
Жануарлардың қысқы мекені
Сабақтың түрі
Интерактивті сабақ
Типі
Жаңа сабақ
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта (жануарлар топтамасының сызбасы)
- Электронды оқулық
- Жануарлардың жеке топтама суреттері
- Өлең шумақтары
- «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
Сабақтың мақсаты
- Жануарлардың тірі табиғаттың негізгі бөлігі екенін және олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру.
- Жануарлардың негізгі мекенімен таныстыру; құрлықта да, суда да тіршілік ететінін аңғарту.
- Әр жануардың өз ортасына бейімделгенін түсіндіру.
- Жануарларға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жағымды ахуал қалыптастыру.
Қызығушылықты ояту
Мұғалім оқушылардың бастапқы білімін анықтап, әңгімеге жетелейді.
Сұрақтар
- Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
- Жануарлар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
- Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
Содан соң мұғалім «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып береді. Оқушылар зейін қойып тыңдайды.
Талдау сұрақтары
- Ертегі ұнады ма? Ол не туралы болды?
- «Жыл басына таласқан хайуанаттардың» аттарын ретімен айтып көріңдер.
- Олар не үшін Жыл басы болуға таласты деп ойлайсың?
- Олардың төлдерін білесің бе? Олар қалай аталады?
Жауап беру барысында мұғалім суреттерді көрсетіп, бұл жануарлардың үй жануарлары деп аталатынын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Өлең
Ұзын құлақ сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Орындау
- Өлең жолдарына сай қоянның қимылын қимылмен көрсету.
- Жеңіл сергіту жаттығуларын орындау.
- Сабаққа қайта зейін қою.