Кезең сұрақтары Тарихи тапсырмалармен жұмыс
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Категория
Үздік ұстаз бәйгесі • Тарих
Сабақ тақырыбы
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақ түрі
Жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар
- Интерактивті тақтамен жұмыс
- Шығармашылық тапсырмалар
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Мақсаты
Білімділік
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл қақтығыстардың бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс туралы білімді жүйелеу. Фашизмге қарсы шайқастар мен ерлік көрсеткен қаһармандар туралы деректерді қайталау, қорытындылау және оқушы санасына орнықтыру.
Дамытушылық
Ұлы Отан соғысы туралы түсінікті кеңейту, Жеңістің қандай ауыр жолмен келгенін терең сезіндіру және шығармашылық жұмысқа бағыттау.
Тәрбиелік
Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіріп, «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» қағидасының құндылығын ұғындыру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
Коммуникация
Оқушылар ойын жүйелеп, дәлелді түрде жеткізе алады.
Ынтымақтастық
Топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады, ортақ шешім қабылдай алады.
Бағалау
Өзін-өзі және өзгені әділ бағалай біледі.
Тарихи ойлау
Тарихи оқиғаларға баға беріп, себеп-салдарын талдай алады.
Пәнаралық байланыс
Дүниежүзі тарихы, әдебиет.
Қолданылатын технология
Миға шабуыл (тест сұрақтары).
Көрнекіліктер мен жабдықтар
Көрнекілік
Слайдтар, үлестірмелі карточкалар, тірек-сызба, нақыл сөздер плакаты, маркерлер, стикерлер.
Жабдық
Тақта, интерактивті тақта, суреттер.
Эпиграф және негізгі ұғымдар
Сабақ эпиграфы: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды».
Негізгі түсініктер
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
- 1-топ: «Отан»
- 2-топ: «Жеңіс»
- Топ басшысын сайлау, бағалау парақтарын тарату.
Үй тапсырмасы (қайталу бөлімі)
- «Зымыран сұрақтар»
- «Ойыңды аяқта»
- «Сенемін — сенбеймін»
1-кезең: «Зымыран сұрақтар»
Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
Сұрақтар (1–5)
- Германияның «қауырт соғыс» жоспары қалай аталды? — «Барбаросса»
- Қазақ апталық газетінің редакторы кім? — А. Байтұрсынұлы
- Алашорда партиясының төрағасы кім? — Ә. Бөкейхан
- «Қалың мал» романының авторы кім? — С. Көбеев
- Шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі кім? — Т. Қазанғапұлы
Сұрақтар (6–10)
- Құрманғазының би күйлері қандай? — «Қызыл қайың», «Балбырауын»
- 1916 ж. Торғайдағы көтеріліс көшбасшылары кімдер? — А. Иманов, Ә. Жангелдин
- «Жас арбакештер» одағы қай қалада құрылды? — Петропавлда
- 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қай династия билігін тоқтатты? — Романовтар
- ҚазАКСР-дың 1924–1928 жж. астанасы қай қала болды? — Қызылорда
Ескерту: бұл сұрақтардың бір бөлігі жалпы тарихи білімді қайталауға арналған. Негізгі тақырып — Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақстандықтардың үлесі — келесі бөлімдерде жүйелі түрде ашылады.
2-кезең: «Ойыңды аяқта» (тарихи тапсырмалар)
Шарты: берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, тарихи мазмұнын дәлелмен түсіндіру.
Тапсырма 1
«Төңкеріс және қазақтар» мақаласында Ресей халықтары құқықтарының декларациясын жариялау қазақтардың ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп бағалай отырып: «Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз…» — деп жазған тұлға кім? Жауап: А. Байтұрсынұлы.
Тапсырма 2
«Тағы соғыс» мақаласында соғыстың әділетсіздігін және күшті мемлекеттердің зорлықшыл саясатын әшкерелеп: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ…» — деп жазған тұлға кім? Жауап: Ә. Бөкейхан.
Мәтінмен жұмыс (стратегиялық жоспар)
Гитлер командованиесі КСРО-ға басып кірудің «Барбаросса» деп аталатын стратегиялық жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша фашистік Германия және оның одақтастары құрлықтағы, әуедегі және теңіз күштері арқылы КСРО-ға бір мезгілде соққы беруді көздеді. Негізгі мақсат — КСРО-ны қысқа мерзімде талқандап, табиғи ресурстарын және экономикалық әлеуетін өз мүддесіне бағындыру.
Саяси астар
Көпұлтты кеңістікте алауыздықты күшейту, басқарылатын «қуыршақ» құрылымдар орнату.
Экономикалық астар
Шикізат пен азық-түлік базасына ие болу, өндіріс пен ресурстарды Германия экономикасына қызмет еткізу.
3-кезең: «Сенемін — сенбеймін»
Шарты: оқушылар берілген тұжырымға сенетінін немесе сенбейтінін айтып, жауабын негіздейді. Ұпайлар бағалау парағына белгіленеді.
- КСРО мен Германия арасында өзара шабуыл жасаспау туралы пактіге 1939 ж. 23 тамыз күні қол қойылды.
- КСРО-ны тез арада тізе бүктіруге арналған Гитлер жоспары «Тайфун» деп аталды.
- Ұлы Отан соғысы 1941 ж. 22 маусым күні басталды.
- 1941 ж. 6 желтоқсан күні кеңес әскерлері Мәскеу түбінде қарсы шабуылға шықты.
- Гитлерлік басқыншылық жоспар КСРО аумағында ұлтаралық қақтығыстар туындайды деген есепке сүйенді.
- Соғыс жылдары Отанды қорғау үшін 16 мың офицер даярланды.
- Өнеркәсіп орындарын Қазақстанға көшіру 1941 жылдан басталды.
- «Ленинградтық өренім» жырының авторы Т. Жароков.
- Соғысқа әрбір төртінші қазақстандық қатысты.
- Ұлы Отан соғысы кезеңі 1939 ж. 1 қыркүйек — 1945 ж. 2 қыркүйек аралығын қамтиды.
Мұғалімге ұсыныс: даулы немесе нақтылауды қажет ететін тұжырымдар бойынша оқушылардан дәлел сұрап, дерекпен жұмыс жасату (күндер, атаулар, тарихи терминдердің қолданылуы).
Қызығушылықты ояту (сабаққа кіріспе сұрақтар)
Талқылауға арналған сұрақтар
- «Соғыс» ұғымын қалай түсінеміз?
- Қандай ірі соғыстарды білесіңдер?
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды, қай елдер арасында болды?
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?
Мұғалім әрекеті
Оқушылар жауабын толықтыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіруге кезең-кезеңімен кірісу; негізгі ұғымдарды нақтылау; тарихи дерек пен адам тағдыры арасындағы байланысты көрсету.
II. Жаңа сабақ: кіріспе (жалпылама мағлұмат)
Соғыс — артынан зұлмат қасірет, қан төгілген тағдырлар мен қираған қалаларды қалдыратын тарихи құбылыс. Әр ғасырдағы ірі соғыстар адамзатқа орасан зор шығын әкелді: XVII ғасырда — 3,3 млн, XVIII ғасырда — 5,2 млн, XIX ғасырда — 5,5 млн адам қаза тапты. ХХ ғасырда Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 млн, ал Екінші дүниежүзілік соғыста шамамен 64 млн адам опат болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары
- 110 млн адам жарақат алды, мүгедектікке ұшырады.
- 42 млн бала жетім қалды.
- Соғыстан кейін әлемде жүз реттен астам әртүрлі деңгейдегі қақтығыс орын алды.
Бүгінгі сабақта адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстардың бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақстандықтардың үлесі туралы сөз қозғалады. Соғысқа аттанып, елін қорғаған батыр ұл-қыздардың ерлігін есте сақтау — ортақ парыз. Олар бастан кешкен қасірет ендігі жерде ешкімнің маңдайына жазылмасын.
1418 күннің сабағы
Ұлы Отан соғысы — халқымыздың басына төнген ең ауыр кезеңдердің бірі. Төрт жылға созылған, 1418 күн мен түнге ұласқан күресте түрлі халық өкілдері бір мақсатқа жұмылып, ортақ жауға қарсы тұрды. Бұл — бірлік пен табандылықтың, ерлік пен жауапкершіліктің тарихи үлгісі.
Автор туралы мәлімет
Өңір
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы.
Мектеп және пән
Өкпеті орта мектебі • Тарих пәні мұғалімі — Иманова Ләйлә Тлебалдықызы.