Құрама сандар

Сабақтың тақырыбы

Жай сандар және құрама сандар.

Сабақтың типі

Жаңа ұғым меңгерту.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, талдау.

Негізгі бағыт

Құрама сандарды көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларға жай және құрама сандарды ажыратуды, құрама сандарды көбейткіштерге жіктеуді үйрету.

2) Дамытушылық

Есте сақтауын дамыту, өз бетінше қорытынды жасау қабілетін жетілдіру, математикалық сөздік қорын байыту.

3) Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Ой қозғау
  3. III Жаңа сабаққа дайындық
  4. IV Жаңа сабақты түсіндіру
  5. V Оқулықпен жұмыс
  6. VI Сергіту сәті
  7. VII «Қатесін тап»
  8. VIII Тарихи аялдама
  9. IX Үй тапсырмасы
  10. X Сабақты қорытындылау
  11. XI Бағалау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
  • Сыныптың тазалығына назар аудару.

II. Ой қозғау (сұрақ-жауап)

  1. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
  2. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
  3. Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді?
  4. Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?
  5. Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді?
  6. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
  7. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?

III. Жаңа сабаққа дайындық

1-тапсырма. Төмендегі сандардан екі ғана бөлгіші бар сандарды бір жолға, екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші жолға жазыңдар:

2, 5, 6, 8, 11, 15, 16, 17, 32, 43, 45, 51, 67, 69

2-тапсырма. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін екі таңбалы 6 сан жазыңдар.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Үйге алдын ала дайындық тапсырмасы беріледі: кестедегі сандардың бөлгіштерін анықтап, бөлгіштер санын есептеу. Тексеру барысында бір мысал тақтада көрсетіледі.

Мысал: 35 саны

35 → 1, 5, 7, 35

Демек, 35 санының бөлгіштер саны 4. Сондықтан ол құрама сан.

Әр топтан бір оқушы шығып, кестедегі қалған сандардың бөлгіштерін және бөлгіштер санын айтып, түсіндіреді.

Қорытынды сұрақтар

  • Жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  • Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  • 1 саны қандай сан?
  • 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма?
  • Жұп жай сан бар ма?
  • Егіз сандар дегеніміз не?

V. Оқулықпен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

I деңгей

  • №648
  • №649
  • №651

II деңгей

  • №656 (2)
  • №657 (2)

III деңгей

  • №665

№648

Жай сандар

97, 139, 311, 503, 641, 991

Құрама сандар

66, 128, 201, 450, 502, 864, 879

№649

13, 15, 17, 35, 37, 57, 31, 51, 71, 53, 73, 75

1) Жай сандар

13, 17, 31, 37, 53, 71, 73

2) Құрама сандар

15, 35, 51, 57, 75

№651

1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28, 37

1) Бір ғана бөлгіші бар сан

1

2) Екі ғана бөлгіші бар сандар

3, 7, 23, 37

3) Екіден көп бөлгіші бар сандар

6, 9, 15, 28

№656 (2)

Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, төмендегі сандардың жай сан екенін дәлелдеңдер:

17, 23, 43, 67, 89, 103