Сөздердің мағынасын түсіндір

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру.
  • Дамытушылық: сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерді арттыру.
  • Тәрбиелік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық

Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы адам таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезім әлемінің есігін ашады.

Күлкі арқылы көңіл күйіңізді білдіріп көріңіз: бір-біріңізге жымиып, күлкіңізді сыйлаңыз. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

  • Үй жұмысы жазылған тапсырмаларды орындату.
  • Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қысқаша кері байланыс беру.

Қызығушылықты ояту

Қайталайық

  • Сөз дегеніміз не?
  • Сөздер неден құралады?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Тапсырма

Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазыңыз:

тау сөйлеу ағаш ұялшақ оқушы әдемі он жеті тоғыз жүйрік

Негізгі ой

Сөздер мағынасына қарай сөз таптарына бөлінеді. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

Еске түсіреміз

Зат есім, етістік, сын есім, сан есім туралы ережелерді қайталау.

Сөз мағынасының өзгеруі

Талдау

Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз: жол – жал – жыл – жел.

Не байқаймыз?

Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруі сөздің мағынасына әсер етеді, яғни мағына өзгереді.

Қолдану

Сөздің соңғы дауыссыз дыбысын өзгертіп, жаңа сөз жасаңыз: жоқ, жан, жыр, жем.

Ойын: «Ойлан, тап!»

Бірінші сөздің жалғасы әрі екінші сөздің бастауы болатын буынды табыңыз.

Үлгі 1

қал — ___ — быс

Жауабы: табыс

Үлгі 2

бал — ___ — мақ

Үлгі 3

ма — ___ — лант

Жауабы: талант

Қосымша

«Табыс» және «талант» сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіріңіз.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
  • Жаттығуларды топтарға бөліп орындату.
  • Қосымша шығармашылық тапсырмалар беру.

Қорытынды идея

Сөз — мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз құрамындағы дыбыстың аз ғана өзгерісі жаңа мағына тудыра алады; сондықтан сөзді дұрыс айту мен сауатты жазу — тіл мәдениетінің негізгі шарты.