Өсімдік мүшелерін ата
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарыбұлақ негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Сағындықова Бибінұр Сәбитқызы.
Тақырып
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Дүниетану бақылау күнделігі
- Жыл мезгілдерінің суреттері
- Сызбалар
- Жұмбақтар
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Өсімдік мүшелерінің қызметі туралы түсінігін қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
2) Дамытушылық
Мезгілге байланысты өсімдіктердің өзгерістерін ұғындыру, ой-өрісін және тілдік қорын дамыту.
3) Тәрбиелік
Өсімдіктерді және жалпы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныптың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарының дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақты қорытындылау
Өткен сабақ бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіру және сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
Қайталау сұрақтары
- Өткен сабақтарда не туралы өттік? (Өсімдік.)
- Өсімдік қандай ағзаға жатады және неге?
- Өсімдік мүшелерін ата.
- Тамырдың атқаратын қызметі қандай?
- Тамыр нешеге бөлінеді?
- Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі қалай аталады?
- Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасқан?
Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу
Жұмбақ
«Жап-жасыл боп шығады, сап-сары боп түседі.»
Жауабы: жапырақ.
Негізгі ой
Жапырақтың түсі мен күйі жыл мезгіліне байланысты өзгеретінін бақылау арқылы түсіндіру.
«Жапырақ» сөзімен тілдік жұмыс
Дыбыстық талдау
Жапырақ — 7 дыбыс, 7 әріп.
- Ж — дауыссыз, ұяң
- А — дауысты, жуан
- П — дауыссыз, қатаң
- Ы — дауысты, жуан
- Р — дауыссыз, үнді
- А — дауысты, жуан
- Қ — дауыссыз, қатаң
Оқу және қорытынды
- Сөзді дауыстап оқимыз.
- Сөз соңындағы дыбысты анықтаймыз (қ).
- Ережені еске түсіреміз: тәуелденуі — жапырақ → жапырағы.
Сөйлем құрау
«Жапырақ» сөзімен сөйлем құрастырамыз (оқушы жауаптары тыңдалады).
Сөзжұмбақ арқылы бекіту
7 сұраққа жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеміз. Нәтижесінде ортада «жапырақ» сөзі шығады.
Сұрақтар
- Көктемдегі жапырақтың түсі қандай?
- Жапырақтың қоректік заттарының бірін ата.
- Тыныс алу мүшесі қандай?
- Күздің алғашқы айы қай ай?
- Жапырақтың қоректік заттарының бірін ата.
- Жапырақ қай жерде орналасқан?
- Өсімдік не арқылы тыныстайды?
Қорытынды сұрақтар
1-сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
2-сұрақ
Күз мезгілінің айларын ата.
3-сұрақ
Күзгі жапырақтың түрі қандай?