Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу-тәрбие үдерісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
ХХІ ғасырдың білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық екенін Елбасының халыққа арналған жолдауында да атап көрсетілген. Ұрпағы білімсіз, тәрбиесіз елдің келешегі бұлыңғыр екені баршаға аян.
Ұлттың өркендеуі — білім мен тәрбиенің бірлігі
Әрбір мемлекет пен әрбір ұлт өз өкілдерінің білім-білігі, бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгеден дара табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, бағаланады.
Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабадан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі болып, мәртебесі биік, арманы асқақ, мерейі үстем болмақ.
Әл-Фараби: «Адамға ең әуелі тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім — азаматтың қас жауы, ол келешекте оның бүкіл өміріне апат әкеледі».
Осы ойдан-ақ өз тағдырын өзі шешуге енді қолы жеткен халқымыз үшін ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастырудың аса қажет екенін аңғаруға болады.
Бастауыш мектептің жауапкершілігі
Негізгі білімнің іргетасы бастауышта қаланатындықтан, оқушыларды жастайынан халықтың этникалық мұрасын тануға, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін сақтауға, салт-дәстүрді құрметтеуге, саналы көзқарас қалыптастыруға және ұлттық мақтаныш сезімін оятуға тәрбиелеу — бастауыш мектеп педагогтерінің маңызды міндеті.
Қорытынды ой
Тәрбие — қоғамдық құбылыс. Онсыз бірде-бір қоғамның алға дамуы мен өркендеуі мүмкін емес.